Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оқу орындарының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 457 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары үшін мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң колледжі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң институты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Ақтөбе заң институты) болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң институты.»;
      2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 2-жолда:
      «Ақтөбе заң колледжі 130» және «Семей заң колледжі 160» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

Ақтөбе заң институты

184

Семей заң колледжі

135

»;

      «Шымкент заң колледжі» деген жолдың 3-бағанындағы «214» деген сандар «185» деген сандармен ауыстырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, 2010 - 2011 оқу жылында Ақтөбе заң институтында Ақтөбе заң колледжінің курсанттарын (тыңдаушыларын), сондай-ақ Семей және Шымкент заң колледждерінде оқитын курсанттарды (тыңдаушыларды) техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтауды қамтамасыз етсін;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов