Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 1899 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 мамырдағы № 417 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 1899 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      2-тармақ «Ішкі істер министрлігі,» деген сөздерден кейін «Президенттің Күзет қызметі,» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімнің 1-бабының 3-тармағына сәйкес депозитарийге Қазақстан Республикасынан құзыретті органдар тізбесінің өзгеруі туралы хабарласын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов