«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 9-бабы 3-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен 23500000000 (жиырма үш миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспайтын сомаға «БТА Банк» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы - «Темірбанк» акционерлік қоғамының жай акцияларын сатып алсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов