Қырғыз Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 348 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010.12.29 № 347 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қостанай облысы Денисов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгілінген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Селолар мен селолық округтерінің әкімдері:
      1) әскерге шақырылғандарды уақытында хабарландыру және шақыру учаскеге келуін қамтамасыз етсін;
      2) Алынып тасталды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010.09.15 № 260 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
      3. Аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысын ұйымдастырсын.
      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Денисов ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскерге шақыру және командаларды жөнелту кезінде:
      1) мерзімді әскери қызметіне шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және ұстауды жүргізсін;
      2) аудандық жиналу пунктінде шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтауға қолдау көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Денисов
      ауданының әкімі                            А. Кушнир

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы әкімдігі
      Денсаулық сақтау басқармасы
      "Денисов орталық аудандық
      ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорынның бас дәрігері
      ______________ М. Баймурзин

      "Қостанай облысы Денисов
      ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ______________ В. Слободюк

      "Қазақстан Республикасы Ішкі
      істер министрлігі Қостанай
      облысының Ішкі істер департаменті
      Денисов ауданының ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ___________________ Н. Тулеубаев