Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобы, саяси партия мүшелері тізімдерінің дұрыстығын тексеру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 қыркүйектегі № 917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 34, 471-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобы, саяси партия мүшелері тізімдерінің дұрыстығын тексеру ережесінде:
5-тармақтың екінші абзацындағы "жеті жүз" және "елу" деген сөздер "алты жүз" және "қырық" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |