Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 318 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 81 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе қаласының 11 шағын ауданының атаусыз көшесі «Әз Наурыз»;
      «Заречный-2» поселкесінің атаусыз көшесі Нұрсұлу Тапалова;
      «Заречный-4» поселкесінің атаусыз көшесі Әйтек Сәрсеков болып аталсын.
      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланған алғашқы күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының            Ақтөбе қалалық мәслихатының
             әкімі                       сессия төрағасы

       А.Мұхамбетов                         В.Друзьяк