«2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жол жүруді қамтамасыз етуге және біржолғы материалдық көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) Ережеге сәйкес республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жол жүруді және біржолғы материалдық көмек төлеуді;
2) бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын және есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 күніне дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жарты жылдық қорытындылары бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 сәуірдегі
№ 284 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына
орай жол жүруді қамтамасыз етуге және біржолғы материалдық
көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жол жүруді қамтамасыз етуге және біржолғы материалдық көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарға; 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 3 қыркүйекті қоса алғандағы кезеңде майдандағы армия құрамына кірмеген әскери бөлімдерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызмет өткерген, «1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен наградталған әскери қызметшілерге, оның ішінде запасқа (отставкаға) шыққандарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) адамдарға берілетін біржолғы материалдық көмекті төлеуге (бұдан әрі - біржолғы материалдық көмек) және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдеріне, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларға және олармен бірге жүретін адамдарға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Мәскеу және Астана қалаларында тамақтану және тұру, мерекелік іс-шараларға қатысу үшін жол жүру шығыстарын төлеуге (бұдан әрі - Мәскеу және Астана қалаларындағы мерекелік іс-шараларға қатысу үшін жол жүруді қамтамасыз ету) 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек,-және, халықты әлеуметтік-қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек төлеуге және Мәскеу, Астана қалаларындағы мерекелік іс-шараларға қатысу үшін жол жүруді қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі - ағымдағы нысаналы трансферттер) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес аударады.
2. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай
біржолғы материалдық көмек төлеуге берілетін ағымдағы
нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
3. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі үшін біржолғы материалдық көмек төлеу мынадай мөлшерде жүзеге асырылады:
бірінші дүниежүзілік, азамат, Ұлы Отан соғыстары кезеңінде майдандағы армия мен флот құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшілерге, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілеріне - 65 000 теңге;
бірінші дүниежүзілік, азамат, Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, партизандары мен астыртын күрес жүргізушілеріне, сондай-ақ бірінші дүниежүзілік, азамат, Ұлы Отан соғыстары кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарда, майдан маңындағы темір жол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен аэродромдардың құрылыстарында жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған әрі зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшілерге теңестірілген тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілерге - 65 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдікті шарттарда зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына қосып есептелген қалаларда қызмет өткерген, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне, сондай-ақ басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 65 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамының адамдарына, не тиісті кезеңдерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдікті шарттарда зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына қосып есептелген қалаларда болған адамдарға - 65 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және юнга ретінде болған адамдарға - 65 000 теңге;
екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шет елдердің аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар мен басқа да антифашистік құрамалар құрамында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға - 65 000 теңге;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолдары бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшілер жағдайына ауыстырылған және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында еркінен айрылған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелеріне - 25 000 теңге;
қоршаудағы кезеңде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтарға - 25 000 теңге;
екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - 25 000 теңге;
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған әскери қызметшілерге - 25 000 теңге;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 25 000 теңге;
1944 жылғы 1 қаңтардан бастап 1951 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде Украин ССР-і, Белорусь ССР-і, Литва ССР-і, Латвия ССР-і, Эстон ССР-і аумақтарында әрекет еткен жойғыш батальондардың, халықты қорғау взводтары мен жасақтарының жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтар мен жасақтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе жарақат алуы салдарынан мүгедек болып қалған адамдарға - 25 000 теңге;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 3 қыркүйекті қоса алғандағы кезеңде майдандағы армия құрамына кірмеген әскери бөлімдерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызмет өткерген, «1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен наградталған әскери қызметшілерге, оның ішінде запасқа (отставкаға) шыққандарға - 25 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан (хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің ата-аналарына және қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) - 25 000 теңге;
қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің басқа некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) - 25 000 теңге;
қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауру, еңбек жарақаты немесе басқа да себептердің (құқыққа қарсы әрекеттерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) - 25 000 теңге;
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы немесе жарақат алуы салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған адамдардың басқа некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) - 25 000 теңге;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе жарақат алуы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының басқа некеге отырмаған әйеліндеріне (күйеулеріне) - 25 000 теңге;
1944 жылғы 1 қаңтардан бастап 1951 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде Украин ССР-і, Белорусь ССР-і, Литва ССР-і, Латвия ССР-і, Эстон ССР-і аумақтарында әрекет еткен жойғыш батальондардың, халықты қорғау взводтары мен жасақтарының жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтар мен жасақтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе жарақат алуы салдарынан мүгедек болып қалған адамдардың басқа некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) - 25 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) адамдарға - 10 000 теңге.
Бір мезгілде бірнеше негіздеме бойынша біржолғы материалдық көмек алуға құқығы бар адамдарға біржолғы материалдық көмек олардың таңдауына қарай бір негіздеме бойынша беріледі.
4. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі - Орталық филиалдары) 2010 жылғы 8 сәуірге дейінгі мерзімде қалалар мен аудандар бөлінісінде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес электронды және қағаз жеткізгіштерде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне осы Ереженің 3-тармағында санамаланған, 2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Орталық филиалдарынан әлеуметтік төлемдер алатын адамдардың тізімдерін, 2010 жылғы 1 шілдеге дейін - осы Ереженің 3-тармағында санамаланған, бұрынғы тұрған жері бойынша біржолғы материалдық көмекті алмаған, жаңадан келген адамдардың тізімдерін жібереді.
5. Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық ұлан облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне қалалар мен аудандар бөлінісінде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес электронды және қағаз жеткізгіштерде 2010 жылғы 8 сәуірге дейінгі мерзімде осы Ереженің 3-тармағында санамаланған, 2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша көрсетілген органдарда есепте тұрған адамдардың, ал 2010 жылғы 1 шілдеге дейін - осы Ереженің 3-тармағында санамаланған, бұрынғы тұрған жері бойынша біржолғы материалдық көмекті алмаған, жаңадан келген адамдардың тізімдерін жібереді.
6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
осы Ереженің 4, 5-тармақтарына сәйкес ұсынылған тізімдерді ескере отырып, біржолғы материалдық көмекті алушылардың тізімдерін қалыптастырады;
қалыптастырылған тізімдердің негізінде әрбір алушының банктік операцияларды жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда не «Қазпочта» акционерлік қоғамында зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептеу үшін ашылған жеке шоттарына аудару жолымен оларға біржолғы материалдық көмек төлеуді 2010 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде, ал 2010 жылғы 30 сәуірден кейін жаңадан келген, осы Ереженің 3-тармағында санамаланған, бұрынғы тұрған жерінде біржолғы материалдық көмекті алмаған адамдарға - 2010 жылғы 31 шілдеге дейінгі мерзімде жүзеге асырады.
7. Банктік операцияларды жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардың, «Қазпочта» акционерлік қоғамының біржолғы материалдық көмек төлеу жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу көрсетілген ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың арасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған шарт негізінде жүргізіледі.
8. Жергілікті атқарушы органдар Министрлікті 2010 жылғы 2 мамырға дейін біржолғы материалдық көмекті төлеу туралы, 2010 жылғы 2 тамызға дейін бұрынғы тұрған жерінде оны алмаған, жаңадан келгендерге біржолғы материалдық көмек төлеу туралы хабардар етеді.
3. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Мәскеу,
Астана қалаларындағы мерекелік іс-шараларға қатысу үшін жол
жүруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану тәртібі
9. Бірінші дүниежүзілік, азамат, Ұлы Отан соғыстары кезеңінде майдандағы армия мен флот құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілер, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілері, бірінші дүниежүзілік, азамат, Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, партизандары мен астыртын күрес жүргізушілеріне, сондай-ақ бірінші дүниежүзілік, азамат, Ұлы Отан соғыстары кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарда, майдан маңындағы темір жол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен аэродромдардың құрылыстарында жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған әрі зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшілерге теңестірілген тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілері (бұдан әрі - соғысқа қатысушылар):
1) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне темір жол және (немесе) әуе көлігімен бір рет;
2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша:
Қазақстан бойынша темір жол және (немесе) әуе көлігімен бір рет;
облысішілік қатынас бойынша жолаушылар автобусымен төрт рет;
мамыр айының ішінде қалаішілік қатынас бойынша жолаушылар автобусымен тегін жол жүреді (барады және кері қайтады).
Соғысқа қатысушылар, сондай-ақ олармен бірге жүрген адамдар (бұдан әрі - делегация мүшелері) Астана және Мәскеу қалаларына Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге арналған шеруге темір жол және (немесе) әуе көлігімен жол жүреді, сондай-ақ Астана және Мәскеу қалаларында мерекелік іс-шараларды өткізу кезеңінде олардың тамақтану және тұру шығыстарының ақысы төленеді.
10. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары (бұдан әрі - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жол жүру құжаттарын (билеттерді) беру жөніндегі ұйымдарға қаражат аудару үшін, кезеңі мен төлем сомасы көрсетілген жол жүру құжаттары (билеттер) берілген соғысқа қатысушылардың немесе делегацияға қатысушылардың тізімімен қоса төлем шоттарын ұсынады.
Соғысқа қатысушылардың жол жүру құнын өтеу кезінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары қаражатты олардың екінші деңгейдегі банктегі не «Қазпочта» акционерлік қоғамындағы жеке шоттарына аударады.
3.1 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай
соғысқа қатысушылардың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының
елдері, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір
жол және (немесе) әуе көлігімен жол жүруін
қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану тәртібі
11. Соғысқа қатысушылар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдері, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бір рет темір жол және (немесе) әуе көлігімен жол жүруге арналған тегін жол жүру құжаттарымен (билеттерді) қамтамасыз етіледі.
12. Жол жүру құжаттары (билеттері) темір жол көлігінде поездардың барлық санаттарындағы купелі және плацкарт вагондарына және (немесе) «Экономикалық» сыныбындағы әуе көлігіне сапардың толық бағытына (шығу пунктінен бару пунктіне дейін және кері қарай) беріледі.
Сапардың толық бағыты бірнеше келу және кету пункттерінен тұруы мүмкін.
13. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) темір жол кассалары немесе
авиакомпаниялардың кассалары (бұдан әрі - жол жүру құжаттарын беру
жөніндегі ұйымдар) береді.
14. Соғысқа қатысушылар жол жүру құжаттарын (билеттерді) алу үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейін, бірақ сапарға шығу алдында он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, мынадай құжаттарымен барады:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) соғысқа қатысушының куәлігі;
3) жеке басын куәландыратын құжат.
15. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары алынған өтініштердің негізінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерді) алуға арналған өтінімді үш жұмыс күні ішінде дайындайды және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарына (бұдан әрі - жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары) ұсынады.
16. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарынан алынған өтінімдерді екі жұмыс күнінің ішінде жинақтайды және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымға береді.
17. Жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдар бес жұмыс күнінің ішінде өтінімде көрсетілген сапардың толық бағытына жол жүру құжаттарын (билеттерін) дайындайды және оларды осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалатын жол жүру құжаттарын (билеттерді) қабылдау-беру актісіне сәйкес жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарына береді.
18. Өтінімде көрсетілген сапардың толық бағытына жол жүру құжаттарын (билеттерді) беру мүмкін болмаған жағдайда, жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйым бес жұмыс күні ішінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарын осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша хабардар етеді.
19. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары алынған жол жүру құжаттарын (билеттерді) екі жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына № М - 2а нысанындағы сенімхат бойынша береді.
20. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары жол жүру құжаттарын (билеттерді) екі жұмыс күні ішінде соғысқа қатысушыларға береді.
21. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары мен жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актілері жасалады, ол жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдарға соғысқа қатысушыларға берілген жол жүру құжаттарының (билеттердің) ақысын төлеу үшін негіздеме болып табылады.
Салыстырып тексеру актілері осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалады.
22. Жол жүру құжаттарының (билеттердің) құнын төлеуді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары он жұмыс күні ішінде жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымда Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес осы Ереженің 21-тармағында көрсетілген қол қойылған салыстырып тексеру актісінің негізінде қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізеді.
23. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары соғысқа қатысушылар қайтарған пайдаланылған (пайдаланылмаған) жол жүру құжаттарының (билеттердің) не жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымның жол жүру құжаттарының (билеттердің) қайтарылғаны туралы жазбаша растамасының негізінде жасалған, пайдаланылған жол жүру құжаттары (билеттер) туралы есепті жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарына ұсынады.
24. Егер соғысқа қатысушы жол жүруден бас тартқан жағдайда, соғысқа қатысушы жол жүру құжаттарын (билеттерді) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына қолын қойып қайтарады.
25. Егер соғысқа қатысушы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарынан алынған жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайтаруды жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымда жүзеге асырған жағдайда, жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйым жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына көрсетілген жол жүру құжаттарының (билеттердің) құнын қайтаруды үш жұмыс күні ішінде қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырады. Бұл ретте жол жүру құжаттарын (билеттерді) беру жөніндегі ұйымдар соғысқа қатысушыларға жол жүру құжаттарының (билеттердің) қайтарылғаны туралы жазбаша растама береді.
26. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерді) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарына № М - 2а нысанындағы сенімхат бойынша қайтарады.
27. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерді) жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдарға мынадай тәртіппен қайтарады.
егер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары жол жүру құнын өтеген болса, жол жүру құжаттары (билеттер) орындарды қайтару үшін поезд жолға шыққаннан кейін үш сағаттан кешіктірмейтін немесе ұшақ ұшып шыққанға дейін үш сағаттан аспайтын мерзімде жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымға ұсынылады. Бұл ретте, салыстырып тексеру актісінде көрсетілген төлеуге ұсынылатын жалпы сома жол жүру құжатының (билеттің) құнынан ұстап қалулар шегеріліп, қайтарылатын жол жүру құжаттарының (билеттердің) құнына тең сомаға азайтылады;
егер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары жол жүру құнын өтемеген болса, жол жүру құжаттары (билеттері) орындарды қайтару үшін поезд жолға шыққаннан кейін үш сағаттан кешіктірмейтін немесе ұшақ ұшып шыққанға дейін үш сағаттан аспайтын мерзімде жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымға ұсынылады. Бұл ретте, салыстырып тексеру актісінде көрсетілген төлеуге ұсынылатын жалпы сомаға қайтарылатын жол жүру құжатының (билеттің) құнынан ұстап қалу сомасы қосылады.
28. Соғысқа қатысушы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына өтініш жасамай, сапарда болып қайтса, онда ол 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен барған және пайдаланылған жол жүру құжаттарын (билеттерін), сондай-ақ осы Ереженің 14-тармағы 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары өтініш берілген күнінен бастап бір ай ішінде қаражатты екінші деңгейдегі банктегі не «Қазпочта» акционерлік қоғамындағы оның жеке шотына аудару жолымен бір жыл ішінде бір рет барып-қайтуға жол жүру құжаттарының (билеттердің) толық құнын өтейді.
Жол жүру құжаттарының (билеттердің) ұрлануы немесе өзге де жоғалуы салдарынан олар жоғалған жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына өтініш жасамай жол жүрген соғысқа қатысушыларға жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымның жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатып алғанын растайтын құжатының, сондай-ақ осы Ереженің 14-тармағы 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың негізінде темір жол және (немесе) әуе көлігімен жол жүру құны өтеледі.
3.2 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай
соғысқа қатысушылардың облысішілік қатынас бойынша
жолаушылар автобусымен жол жүруін қамтамасыз етуге
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану тәртібі
29. Соғысқа қатысушыларға облысішілік қатынас бойынша жолаушылар автобусымен жол жүрудің (жолға шығу пунктінен бару пунктіне дейін және кері қарай) толық құны, бірақ жылына төрт сапардан асырмай өтеледі.
30. Облысішілік қатынас бойынша жолаушылар автобусымен жол жүру құнын өтеу үшін соғысқа қатысушылар тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және Ереженің 14-тармағы 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ барып қайту үшін жол жүру құнын растайтын құжаттарды (билетті не тасымалды жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті тұлғасы қол қойған және мөртабанмен немесе мөртаңбамен расталған анықтамасын (бұдан әрі - растаушы құжаттар) ұсынады.
31. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары ұсынылған өтініштер мен растаушы құжаттардың негізінде өтініш берілген күннен бастап бір ай ішінде қаражатты соғысқа қатысушының екінші деңгейдегі банктегі не «Қазпочта» акционерлік қоғамындағы жеке шотына аудару жолымен оған облысішілік қатынас бойынша жолаушылар автобусымен жол жүру құнын өтейді.
3.3 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай
соғысқа қатысушылардың қалаішілік қатынас бойынша
жолаушылар автобусымен жол жүруін қамтамасыз
етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану тәртібі
32. Соғысқа қатысушылар мамыр айының ішінде қалаішілік қатынас бойынша жолаушылар автобусымен жол жүруге арналған тегін жол жүру құжаттарымен (билеттермен) қамтамасыз етіледі.
33. Қалаішілік қатынас бойынша жолаушылар автобусымен жол жүруге арналған жол жүру құжаттарын (билеттерді) алу үшін соғысқа қатысушылар 2010 жылғы 20 сәуірден кешіктірмей тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысандағы өтінішімен барады және осы Ереженің 14-тармағы 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
34. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін, екі жұмыс күні ішінде осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соғысқа қатысушылардың қалаішілік қатынас бойынша жолаушылар автобусымен жол жүру құжаттарын (билеттерді) алуға арналған өтінімді қалыптастырады және оны жол 11 құжаттарын (билеттерді) сатуға құқығы бар тиісті кәсіпорындарға (ұйымдарға) береді.
35. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуға құқығы бар кәсіпорындар (ұйымдар) өтінімге сәйкес мамыр айы ішінде қалаішілік қатынас бойынша жолаушылар автобусымен тегін жол жүруді жүзеге асыруға құқық беретін жол жүру құжаттарын (билеттерді) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалатын жол жүру құжаттарын (билеттерді) қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес үш жұмыс күні ішінде дайындайды және оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына береді.
36. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары екі жұмыс күні ішінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) соғысқа қатысушыларға қолын қойғызып береді.
37. Жол жүру құжатын (билетті) беру кезінде соғысқа қатысушы қала ішінде жүретін жолаушылар автобусымен жол жүруден бас тартқан жағдайда, бас тарту жазбаша түрде тіркеледі.
38. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары 2010 жылғы 25 сәуірге дейін жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарына соғысқа қатысушылар алған жол жүру құжаттары (билеттер) мен оларды алудан бас тартулардың саны туралы есеп береді.
39. 2010 жылғы 25 сәуірге дейін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары мен жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуға құқығы бар кәсіпорындардың (ұйымдардың) арасында соғысқа қатысушыларға берілген жол жүру құжаттарына (билеттерге) тиісті кәсіпорындарға (ұйымдарға) ақы төлеу үшін негіздеме болып табылатын салыстырып тексеру актісі жасалады.
Салыстырып тексеру актісі осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалады.
40. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары екі жұмыс күні ішінде соғысқа қатысушылар бас тартқан жол жүру құжаттарын (билеттерді) жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуға құқығы бар кәсіпорындарға (ұйымдарға) № М - 2а нысанындағы сенімхат бойынша қайтарады. Бұл ретте төлеуге ұсынылатын, салыстырып тексеру актісінде көрсетілетін жалпы сома қайтарылатын жол жүру құжаттарының (билеттердің) құнына тең сомаға азайтылады.
41. Жол жүру құжаттарының (билеттердің) құнын төлеуді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары тиісті жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату құқығы бар кәсіпорындарға (ұйымдарға) осы Ереженің 39-тармағында көрсетілген қол қойылған салыстырып тексеру актісінің негізінде қолма қол ақшасыз нысанда, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес он жұмыс күні ішінде жүргізеді.
3.4 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай
делегацияға қатысушылардың Астана және Мәскеу қалаларындағы
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге
арналған шеруге темір жол және (немесе) әуе көлігімен
жол жүруін қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
42. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге арналған Астана және Мәскеу қалаларындағы шеруге бару үшін делегацияға қатысушыларға темір жол және (немесе) әуе көлігімен жол жүру үшін жол жүру құжаттары, сондай-ақ Астана және Мәскеу қалаларында мерекелік іс-шаралардың өту кезеңіндегі тамақтану мен тұру шығыстарының ақысы беріледі.
43. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары 2010 жылғы 10 сәуірге дейінгі мерзімде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге арналған Астана және Мәскеу қалаларындағы шеруге баратын делегация мүшелерінің (бұдан әрі - делегациялар) тізімін жасайды және осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысандағы тәртіптемелер бойынша бекітеді, әр делегациямен бірге жүретін адамдардың қатарынан жауапты адамды белгілейді әрі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына жібереді.
44. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары делегациялардың тізімдерін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде делегацияның әрбір мүшесіне мынадай құжаттарды жинауды жүзеге асырады:
осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
екінші деңгейлі банктегі не «Қазпочта» акционерлік қоғамындағы жеке шотының көшірмесі;
соғысқа қатысушы куәлігінің көшірмесі (соғысқа қатысушылар үшін);
медициналық ұйымның жол жүруге қарсы айғақтамалардың жоқ екені туралы анықтамасы (соғысқа қатысушылар үшін).
45. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары алынған өтініштер мен құжаттардың негізінде екі жұмыс күні ішінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) алуға арналған өтінімді осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысанда дайындайды және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарына береді.
46. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге арналған Мәскеу қаласындағы шеруге бару үшін делегация мүшелеріне жол жүру құжаттары (билеттер):
шығу пунктінен Астана қаласына дейін - темір жол және (немесе) әуе көлігіне;
Астана қаласынан Мәскеу қаласына дейін - әуе көлігіне беріледі.
47. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары делегацияның сапарға шығу күніне дейін он бес жұмыс күнінен 13 кешіктірмей жол жүру құжаттарын (билеттерді) алуға осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жасайды және жол жүру құжаттарын (билеттерді) беру жөніндегі ұйымға береді.
48. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) беру жөніндегі ұйымдар бес жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген сапардың толық бағытына жол жүру құжаттарын (билеттерді) дайындайды және оларды жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарына осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалатын жол жүру құжаттарын (билеттерді) қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес береді.
49. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары алынған жол жүру құжаттарын (билеттерді) екі жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына № М - 2а нысандағы сенімхат бойынша береді.
50. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары екі жұмыс күні ішінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) делегация мүшелеріне қолын қойғызып береді.
51. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғаннан кейін жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары мен жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдардың арасында жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымға делегация қатысушыларына берілген жол жүру құжаттарына (билеттерге) ақы төлеу үшін негіздеме болып табылатын салыстырып тексеру актісі жасалады.
Салыстырып тексеру актісі осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалады.
52. Жол жүру құжаттарының (билеттердің) құнын төлеуді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымда осы Ереженің 51-тармағында көрсетілген қол қойылған салыстырып тексеру актісінің негізінде қолма қол ақшасыз нысанда Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес он жұмыс күні ішінде жүргізеді.
53. Делегация мүшелеріне тамақтану және тұру шығындары мынадай:
1) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге арналған Астана қаласындағы шеруге бір адамға бес тәулікке есептегенде - 63585 теңге;
2) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге арналған Мәскеу қаласындағы шеруге барған бір адамға бес тәулікке есептегенде - 225000 теңге мөлшерінде бір рет төленеді.
54. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары делегацияның сапарға шығу күніне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей делегацияның әрбір мүшесіне тамақтану және тұру шығыстарын, оның екінші деңгейдегі банктегі не «Қазпочта» акционерлік қоғамындағы жеке шотына қаражат аудару жолымен төлейді.
55. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарына 2010 жылғы сәуірден бастап мамыр айына дейінгі кезеңде, ай сайын делегация мүшелері қайтарған пайдаланылған (пайдаланылмаған) жол жүру құжаттарының (билеттердің) не жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымның жол жүру құжаттарының (билеттердің) қайтарылғаны туралы жазбаша растамаларының негізінде жасалған пайдаланылған жол жүру құжаттары (билеттер) туралы есепті ұсынады.
56. Сапардан бас тартқан жағдайда, делегация мүшесі жол жүру құжаттарын (билеттерді), сондай-ақ оның жеке шотына аударылған қаражатты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына қол қою арқылы 2010 жылғы 31 мамырдан кешіктірмейтін мерзімде қайтарады.
57. Егер делегация мүшесі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарынан алынған жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайтаруды жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымда жүзеге асыратын болса, жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдар көрсетілген жол жүру құжаттарының (билеттердің) құнын қайтаруды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына қолма қол ақшасыз нысанда үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Бұл ретте жол жүру құжаттарын (билеттерді) беру жөніндегі ұйымдар делегация мүшелеріне жол жүру құжаттарының (билеттердің) қайтарылғаны туралы жазбаша растама береді.
58. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары жол жүру құжаттарын (билеттерді) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарына № М - 2а нысандағы сенімхат бойынша қайтарады.
59. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерді) жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымға осы Ереженің 27-тармағында көзделген тәртіппен қайтарады.
Ережеге
1-қосымша
Біржолғы материалдық көмек алушылардың тізімі
Р/с |
Т.А.Ә. |
Санаты |
Туған күні, айы, жылы |
Тұрғылықты жері |
Жеке немесе карт-шоттың № |
Банктің (филиалдың) және әлеуметтік төлемдерді беруді жүзеге асыратын басқа ұйымдардың атауы |
СТН |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
М.О. (жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
органының) басшысы (Т.А.Ә. және қолы)
Ережеге
2-қосымша
Жұмыспен қамту әлеуметтік және бағдарламалар
органының бастығы ___________________________
_____________________________________________
__________________ мекенжайы бойынша тұратын,
жеке куәлігі (паспорты) _____________________
соғысқа қатысушының (соғыс мүгедегінің)
куәлігі _____________________________________
Өтініш
Мынадай бағыт бойынша (көліктің түрін көрсету керек: темір жол немесе әуе) көлігімен жол жүру үшін жол жүру құжатын (билет) беруіңізді сұраймын:
_____________________ ___________________________
шығу (жері, күні) қайту (жері, күні)
_____________________ ___________________________
шығу (жері, күні) қайту (жері, күні)
Сапарға шығу мүмкіндігі болмай қалған жағдайда жол жүру құжаттарын (билеттерді) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына жол жүруге дейін үш тәуліктен кешіктірмей қайтаруға міндеттенемін.
Келгеннен кейін бір ай ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына пайдаланылған жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайтаруға міндеттенемін.
Күні ______________________________
Соғысқа қатысушының (соғыс мүгедегінің) қолы _______________
Өтініш қабылданды _______________________
(күні, Т.А.Ә., жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы маманының қолы)
Жол жүру құжаттарын (билеттерді) алғаны туралы белгі:
Жол жүру құжаттарын (билеттерді) берді: __________________
Күні ______________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы маманының қолы __
Жол жүру құжаттарын (билеттерді) алды: ____________________
Күні ________________________________
Соғысқа қатысушының (соғыс мүгедегінің) қолы ___________
Ережеге
3-қосымша
Жол жүру құжаттарын (билеттерді) алуға өтінім
Р/с |
Т.А.Ә. |
Мәртебесі |
Жеке басын куәландыратын құжаттың, нөмірі |
Жолға шығу және қайту күні көрсетілген сапар бағыты |
Көлік түрі (вагон үлгісі көрсетілген темір жол көлігі, әуе көлігі) |
М.О. (жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар
органының) басшысы Т.А.Ә., қолы
Ережеге
4-қосымша
№ _______ дана
Жол жүру құжаттарын (билеттерді)
қабылдау-тапсыру актісі
Р/с |
Т.А.Ә. |
Мәртебесі |
Жеке басын куәландыратын құжаттың, нөмірі |
Жолға шығу және қайту күні көрсетілген сапар бағыты |
Билет нөмірі № |
Көлік түрі (вагон үлгісі көрсетілген темір жол, әуе, автомобиль (автобус) көлігі) |
Жол жүру құжаттарының (билеттердің) құны, теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
М.О. Берді:
Жол жүру құжатын (билетті)
ресімдеген бөлімшенің басшысы Т.А.Ә., қолы
М.О. Қабылдады:
(Жұмыспен қамту (-ды үйлестіру) және
әлеуметтік бағдарламалар органының) басшысы Т.А.Ә., қолы
Ережеге
5-қосымша
Жол жүру құжаттарын (билеттерді) алуға арналған өтінімге
сәйкес жол жүру құжаттарының (билеттердің) берілмегені
туралы хабарлама
Р/с |
Т.А.Ә. |
Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі |
Жолға шығу және қайту күні көрсетілген сапар бағыты |
Жол жүру құжаттарының (билеттердің) берілмеу себептері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
м.о.
Жол жүру құжатын (билетті)
ресімдеген бөлімшенің басшысы Т.А.Ә., қолы
Ережеге
6-қосымша
№ _______ дана
Салыстырып тексеру актісі
Р/с |
Т.А.Ә. |
Жеке басын куәландыратын құжаттың, нөмірі |
Жолға шығу және қайту күні көрсетілген сапар бағыты |
Билет нөмірі № |
Көлік түрі (вагон үлгісін көрсете отырып темір жол, әуе, автомобиль (автобус) |
Жол жүру құжаттарының (билеттердің) құны, теңге) |
Төлеу күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Жалпы сомасы: |
м.о
Жол жүру құжатын (билетті) ресімдеген
бөлімшенің басшысы Т.А.Ә., қолы
М.О. Басшы Т.А.Ә., қолы
(жұмыспен қамту (-ды үйлестіру) және
әлеуметтік бағдарламалар органы)
Ережеге
7-қосымша
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
органының бастығы __________________________
____________________________________________
_________________ мекенжайы бойынша тұратын,
жеке куәлігі (паспорты) ____________________
соғысқа қатысушының (соғыс мүгедегінің)
куәлігі ____________________________________
жеке шотының № _____________________________
Өтініш
Маған мынадай бағыт бойынша (көлік түрін көрсету керек: темір жол немесе әуе) көлігімен жүрген жолымның толық құнын өтеуіңізді сұраймын:
_____________________ ___________________________
шығу (жері, күні) қайту (жері, күні)
_____________________ ___________________________
шығу (жері, күні) қайту (жері, күні)
_____________________ ___________________________
шығу (жері, күні) қайту (жері, күні)
Жол жүру құнын растайтын мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
_____________________________________
_____________________________________
Күні __________
Соғысқа қатысушының (соғыс мүгедегінің) қолы ___________
Өтініш қабылданды _________________
(күні, Т.А.Ә., жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар органы маманының қолы)
Ережеге
8-қосымша
Жұмыспен қамту әлеуметтік және бағдарламалар
органының бастығы __________________________
____________________________________________
_________________ мекенжайы бойынша тұратын,
жеке куәлігі (паспорты) ____________________
соғысқа қатысушының (соғыс мүгедегінің)
куәлігі ____________________________________
жеке шотының № _____________________________
Өтініш
Маған 2010 жылы облысішілік қатынастағы мынадай бағыт (бағыттар) бойынша жолаушылар автобусымен (шығу пунктінен бару пунктіне дейін және кері) жүрген жолымның толық құнын өтеуіңізді сұраймын:
_____________________ ___________________________
шығу (орны, күні) қайту (орны, күні)
_____________________ ___________________________
шығу (орны, күні) қайту (орны, күні)
_____________________ ___________________________
шығу (орны, күні) қайту (орны, күні)
Жол жүру құнын растайтын мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
_____________________________________
_____________________________________
Күні __________
Соғысқа қатысушының (соғыс мүгедегінің) қолы ___________
Өтініш қабылданды _________________
(күні, Т.А.Ә., жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар органы маманының қолы)
Ережеге
9-қосымша
Жұмыспен қамту әлеуметтік және бағдарламалар
органының бастығы __________________________
____________________________________________
_________________ мекенжайы бойынша тұратын,
жеке куәлігі (паспорты) ____________________
соғысқа қатысушының (соғыс мүгедегінің)
куәлігі ____________________________________
Өтініш
Маған қаласында қалаішілік жолаушылар көлігімен (автобуста) жүру үшін 2010 жылғы мамыр айына жол жүру құжатын (билет) беруіңізді сұраймын.
Күні ______________________________
Соғысқа қатысушының (соғыс мүгедегінің) қолы _______________
Өтініш қабылданды _______________________
(күні, Т.А.Ә., жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы маманының қолы)
Жол жүру құжаттарын (билетті) алғаны туралы белгі:
Жол жүру құжаттарын (билетті) берді: __________________
Күні ______________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы маманының қолы __
Жол жүру құжаттарын (билеттерді) алды: ____________________
Күні ________________________________
Соғысқа қатысушының (соғыс мүгедегінің) қолы ________
Ережеге
10-қосымша
Соғысқа қатысушылардың қалаішілік
қатынас бойынша жолаушылар автобусымен журуіне
арналған жол жүру құжаттарын (билеттерді) алуға
өтінім
Р/с |
Т.А.Ә. |
Мәртебесі |
Жеке басын растайтын құжат нөмірі |
Сапар бағыты |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
м.о.
Басшы Т.А.Ә., қолы
(жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар органының)
Ережеге
11-қосымша
Астана және Мәскеу қалаларында өтетін Ұлы Отан
соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге арналған
шеруге баратын, жол жүру құжаттарымен және мерекелік
іс-шаралар өткізілетін кезеңде тамақтану және тұру
шығыстары ақысымен қамтамасыз етілетін делегациялардың
тәртіптемесі
Р/с |
Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың атауы |
Астана қаласындағы шеруге баратын делегацияның саны |
Мәскеу қаласындағы шеруге баратын делегацияның саны |
||||
соғысқа қатысушылар (соғыс мүгедектері) |
бірге жүретін адамдар |
соғысқа қатысушылар (соғыс мүгедектері) |
бірге жүретін адамдар |
||||
бірге жүретін адамдар |
медицина қызметкерлері |
бірге жүретін адамдар |
медицина қызметкерлері |
||||
1 |
Ақмола |
10 |
1 |
1 |
2 |
1 |
1 |
2 |
Ақтөбе |
10 |
1 |
1 |
2 |
1 |
1 |
3 |
Алматы |
10 |
1 |
1 |
2 |
1 |
1 |
4 |
Атырау |
10 |
1 |
2 |
1 |
1 |
|
5 |
Батыс Қазақстан |
10 |
1 |
1 |
2 |
1 |
1 |
6 |
Жамбыл |
10 |
1 |
1 |
2 |
1 |
1 |
7 |
Қарағанды |
15 |
3 |
1 |
2 |
1 |
1 |
8 |
Қостанай |
10 |
1 |
1 |
2 |
1 |
1 |
9 |
Қызылорда |
10 |
1 |
1 |
2 |
1 |
1 |
10 |
Маңғыстау |
10 |
1 |
2 |
1 |
1 |
|
11 |
Оңтүстік Қазақстан |
15 |
1 |
3 |
2 |
1 |
1 |
12 |
Павлодар |
10 |
1 |
1 |
2 |
1 |
1 |
13 |
Солтүстік Қазақстан |
10 |
1 |
1 |
2 |
1 |
1 |
14 |
Шығыс Қазақстан |
15 |
3 |
2 |
2 |
1 |
1 |
15 |
Астана қ. |
2 |
4 |
5 |
|||
16 |
Алматы қ. |
15 |
3 |
2 |
2 |
1 |
1 |
Барлығы |
170 |
19 |
19 |
32 |
19 |
20 |
Ережеге
12-қосымша
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
органының бастығы __________________________
____________________________________________
_________________ мекенжайы бойынша тұратын,
жеке куәлігі (паспорты) ____________________
соғысқа қатысушының (соғыс мүгедегінің)
куәлігі (мұндай мәртебесі болған жағдайда)__
____________________________________________
Өтініш
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге арналған (шерудің қай қалада болатынын көрсету керек: Астана қаласында, Мәскеу қаласында) өткізілетін шеруге баруға жол жүру құжаттарын (билеттерді) беруіңізді, оның ішінде мерекелік іс-шаралар өткізілетін кезеңде тамақтану және тұру шығыстарын төлеуіңізді сұраймын.
Сапарға шығу мүмкіндігі болмай қалған жағдайда, жол жүру құжаттарын (билеттерді), сондай-ақ тамақтануға және тұруға мен алған ақшалай қаражатты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына жол жүруге дейін үш тәуліктен кешіктірілмейтін мерзімде қайтаруға міндеттенемін,
Келгеннен кейін бір айдың ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына пайдаланылған жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайтаруға міндеттенемін.
Күні ______________________________
Делегацияға қатысушының қолы _______________
Өтініш қабылданды _______________________
(күні, Т.А.Ә., жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы маманының қолы)
Жол жүру құжаттарын (билеттерді) алғаны туралы белгі:
Жол жүру құжаттарын (билеттерді) берді:
Күні ______________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы маманының қолы _______________
Жол жүру құжаттарын (билеттерді) алды:
Күні ________________________________
Делегацияға қатысушының қолы ________