Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 наурыздағы № 214 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 470 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 15.05.2014 № 31-199/V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108–бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Қаратөбе ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 22,53 гектар жер телімі алынып, Абдилабад ауылының шегіне енгізілсін.
      2. Жалпы көлемі 22,53 гектар жер телімі қосылып, Абдилабад ауылының шегі өзгертілсін.
      3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            А.Хасанов

      Аудан әкімі                                М.Әлі

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Т.Тулендиев