Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 156 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      Қазакстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

      19-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) Министрліктегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрі

К. Мәсімов