Квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру және бәсекелес ортада олардың қызметін ретке келтіру мәселелері жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1513 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 365 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.04.2013 № 365 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру және бәсекелес ортада олардың қызметін ретке келтіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1513 қаулысымен  
бекітілген    

Квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін
арттыру және бәсекелес ортада олардың қызметін ретке
келтіру мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру және бәсекелес ортада олардың қызметін ретке келтіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жұмыс істеп тұрған квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру және бәсекелес ортада ретке келтіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған.
      2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары мынадай:
      1) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің одан әрі жүргізетін қызметінің орындылығы;
      2) мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлерін құрылатын мемлекеттік мекемелерге бере отырып, оларды тарату;
      3) кейіннен акциялардың бақылау пакетін жекешелендіре отырып, мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар етіп қайта құру;
      4) «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заңына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындарды немесе олардың мүлкінің бір бөлігін жекешелендіру, сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген тұлғалардың акцияларын (үлестерін) сату;
      5) мемлекеттік органдарды, мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың мемлекетке тиесілі акциялары мен жарғылық капиталдарындағы қатысуы үлестерін жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбелеріне қосу мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия өз құзыреті шегінде:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдіктеріне осы Ереженің 4-тармағында көзделген мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік органдардан, оның ішінде меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекеттік басқару органдарынан тиісті бейіндегі мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұратуға және алуға;
      4) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      6 Комиссияны оның төрағасы басқарады.
      Комиссия төрағасы:
      1) оның қызметін басқарады;
      2) күн тәртібін, сондай-ақ Комиссияның отырыстары өткізілетін орын мен уақытты белгілейді.
      Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары атқарады.
      7. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары отырысқа дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияның әрбір мүшесіне хабарланады.
      8. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) жүктеледі.
      9  Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткізгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.
      Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
      10. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады.
      11. Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс беру жолымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағаның дауысы Шешуші болып табылады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға коса берілуі тиіс.
      Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
      12. Комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша міндетті түрде Комиссияның қатысып отырған мүшелерінің барлығы қол қоятын хаттама жасалады.
      Хаттаманың көшірмелері Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін үш күнтізбелік күн ішінде Комиссия мүшелеріне жіберіледі.

5. Комиссияның қызметін тоқтату

      13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1513 қаулысына  
қосымша       

Квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін
арттыру және бәсекелес ортада олардың қызметін ретке
келтіру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.08.04  № 911, 2012.01.13 N 41, 2012.02.02 № 194, 2012.07.18 N 947 Қаулыларымен.

Келімбетов                   - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қайрат Нематұлы                Министрінің орынбасары, төраға

Әбдірахымов                  - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Ғабидолла                      қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы
Рахматоллаұлы                  агенттік) төрағасы

Қосбаев                      - Қазақстан Республикасы
Нұржан Қайырғалиұлы            Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
                               (Монополияға қарсы агенттік) Заң
                               қызметі департаменті экономикалық
                               шоғырлану және мемлекеттік
                               кәсіпорындар басқармасының бастығы,
                               хатшы

Әбсаттарова                  - Қазақстан Республикасы
Маржан Несіпбекқызы            Бәсекелестікті қорғау агенттігі
                               (Монополияға қарсы агенттік) Отын
                               -энергетикалық кешенін, қаржы
                               нарықтарын және өзге де салаларды
                               талдау департаментінің директоры

Ахметов                      - Қазақстан Республикасы
Сәбит Мейрамұлы                Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
                               (Монополияға қарсы агенттік) Заң
                               қызметі департаменті директорының
                               орынбасары

Абайділдин                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Талғатбек Жәмшитұлы            Сенатының депутаты, Қазақстан
                               Республикасы Парламенті Сенатының
                               Экономикалық даму және кәсіпкерлік
                               комитетінің төрағасы (келісім
                               бойынша)

Жазылбеков                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Нұрлан Әбдіжапарұлы            Мәжілісінің депутаты, Қазақстан
                               Республикасы Парламенті Мәжілісінің
                               Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
                               (келісім бойынша)

Омаров                       - Республикалық бюджеттің атқарылуын
Сапархан Кесікбайұлы           бақылау жөніндегі есеп комитетінің
                               мүшесі (келісім бойынша)

Әмрин                        - Қазақстан Республикасы Индустрия
Асқар Кемеңгерұлы              және жаңа технологиялар
                               министрлігінің жауапты хатшысы

Ескендіров                   - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Абай Мұқашұлы                  даму және сауда вице-министрі

Дәленов                      - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы              вице-министрі

Толыбаев                     - Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Еркінұлы                 шаруашылығы вице-министрі

Кадюков                      - Қазақстан Республикасы Қаржы
Николай Викторович             министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
                               жекешелендіру комитеті төрағасының
                               орынбасары

Тоқбергенов                  - Республикалық бюджеттің
Ардақ Айдарқұлұлы              атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
                               комитеті әдіснама және сапаны
                               бақылау бөлімі меңгерушісінің
                               орынбасары (келісім бойынша)

Мусина                       - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
Лилия Сәкенқызы                акционерлік қоғамының басқарма
                               төрағасының орынбасары (келісім
                               бойынша)

Оразғұлов                    - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық
Расул Қабдоллаұлы              партиясының орталық аппараты
                               басшысының орынбасары (келісім
                               бойынша)