Орта мерзімді кезеңге (2011 - 2013 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1506 Қаулысы

      «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған орта мерзімді кезеңге (2011 - 2013 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1506 қаулысымен    
бекітілген        

Орта мерзімді кезеңге
(2011 - 2013 жылдарға) арналған концессияға беруге
ұсынылатын объектілердің тізбесі

Р/с

Атауы

Конкурсты ұйымдастырушы

1

2

3

1. Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын қолда бар мемлекеттік меншік объектілері

1.

«Алматы - Өскемен» автомобиль жолының «Алматы - Қапшағай» учаскесін салу (қайта жаңарту) және пайдалану

ККМ

2.

«Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістерімен Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Шымкент - Тараз - Қорғас» автомобиль жолының «Алматы - Қорғас» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану

ККМ

3.

«Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану

ККМ

4.

«Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» 1096-1142 км учаскесін қайта жаңарту және пайдалану

ККМ

5.

«Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» 1038-1096 км учаскесін қайта жаңарту және пайдалану учаскесін қайта жаңарту»

ККМ

6

«Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» 997-1038 км учаскесін қайта жаңарту және пайдалану

ККМ

7

«Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістермен бірге Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Қорғасқа» автомобиль жолының «Ташкент - Шымкент» 674-806 км учаскесін қайта жаңарту

ККМ

8

Зияткерлік-көліктік және төлем жүйесін енгізу (ЗКТЖ) және «Астана - Көкшетау қаласы арқылы Петропавл» автомобиль жолының «Астана - Щучье» учаскесін пайдалану

ККМ

2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер

9

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану

ККМ

10

Қарағанды қаласында бала бақшалар кешенін салу және пайдалану

Қарағанды облысының әкімдігі

11

Теміртау қаласында бала бақшалар кешенін салу және пайдалану

Қарағанды облысының әкімдігі

12

«Маңғыстау (Тамақ) станциясы» темір жол вокзалын салу

Маңғыстау облысының әкімдігі

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
      ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі