Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1474 Қаулысы

      «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, 2011 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету көзделген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1481 қаулысымен
бекітілген    

Мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, 2011 жылға
арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет
көрсету көзделген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз
алушылардың тізбесі

      1. «Астана қалалық коммуналдық шаруашылық» акционерлік қоғамы.
      2. «Айт-Отель» Қазақстан-Түрік бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы.
      3. «Отель Астана» Қазақстан-Түрік бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы.
      4. «Окан-Қазинтер» Қазақстан-Түрік бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы.
      5. «Байланыс-Құрылысшы» мемлекеттік акционерлік компаниясы.