Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 6 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1462 қаулысы

      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 1066 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «1. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 98, 99, 100 және 101-жолдармен толықтырылсын:
      «98. Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы (Қарағанды қаласы)
      99. Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы (Ақтау қаласы)
      100. Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы (Шымкент қаласы)
      101. Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы (Ақсукент қаласы)»;
      2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің санын ескере отырып, олардың штат санының лимиттерінде:
      2-бөлімде:
      3-бағанда:
      «Облыстық бюджеттер мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде:» деген жолдағы «45 779» деген сандар «45 862» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Астана қаласының Ішкі істер департаменті» деген жолдағы «2 753» деген сандар «2 757» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ақмола облысының Ішкі істер департаменті» деген жолдағы «2 709» деген сандар «2 713» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті» деген жолдағы «2 359» деген сандар «2 363» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Алматы қаласының Ішкі істер департаменті» деген жолдағы «4 522» деген сандар «4 526» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Алматы облысының Ішкі істер департаменті» деген жолдағы «2 866» деген сандар «2 870» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Атырау облысының Ішкі істер департаменті» деген жолдағы «1 880» деген сандар «1 884» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті» деген жолдағы «4 428» деген сандар «4 432» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті» деген жолдағы «2 238» деген сандар «2 242» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті» деген жолдағы «1 966» деген сандар «1 970» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті» деген жолдағы «4 983» деген сандар «4 989» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті» деген жолдағы «1 749» деген сандар «1 753» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қостанай облысының Ішкі істер департаменті» деген жолдағы «2 777» деген сандар «2 781» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті» деген жолдағы «1 888» деген сандар «1 901» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Павлодар облысының Ішкі істер департаменті» деген жолдағы «2 383» деген сандар «2 387» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті» деген жолдағы «2 130» деген сандар «2 134» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті» деген жолдағы «4 148» деген сандар «4 160» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолдағы «43 042» деген сандар «43 011» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары 31» деген жол алынып тасталсын;
      3) «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 қаулысында:
      3-тармақтағы «Көші-қон полициясы комитетінің» деген сөздер алынып тасталсын;
      10-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулының 3-қосымшасында:
      атауында «министрлігі Көші-қон полициясы комитетінің» деген сөздер «министрлігінің» деген сөзбен ауыстырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, 2010 жылғы 30 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1477 қаулысына     
қосымша         

Қайта аталатын мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы «Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі.
      2. «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы «Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі.
      3. «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Оңтүстік Қазақстан облысы Ақсукент ауылы «Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі.
      4. «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы «Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі.