Жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыру және оларды қорғаныс мұқтажы үшін беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1447 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының аумақтарындағы құрылыстың барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны тарату туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше
реттеу аймағының аумақтарындағы құрылыстың барысын бақылау
жөніндегі мемлекеттік комиссияны тарату туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының аумақтарындағы құрылыстың барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия таратылсын.
      2. «Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының аумақтарындағы құрылыстың барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 маусымдағы № 355 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 96-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
           Президенті                            Н. Назарбаев