Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1349 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тұрғын үй құрылысы объектілерін салуды аяқтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1163 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) «Есіл» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «ЛАД-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метр үшін 100800 (бір жүз мың сегіз жүз) теңге және бір машина орны үшін 777600 (жеті жүз жетпіс жеті мың алты жүз) теңге есебінен 2940030240 (екі миллиард тоғыз жүз қырық миллион отыз мың екі жүз қырық) теңгеден аспайды;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Премьер-Министрі                              К. Мәсімов