Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. «Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы қағидатын соттардың сақтауы туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 25 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 12-тармақтағы «403» деген сандар «396-1, 446-1» деген сандармен ауыстырылсын, «апелляциялық» деген сөзден кейін «және кассациялық» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 13-тармақ «апелляциялық» деген сөзден кейін «, кассациялық» деген сөзбен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы М. Әлімбеков
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы Ж. Бәйішев