2010 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1274 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 2, 9-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы «кемінде жарты жылда бір рет» деген сөздер «жылына бір рет» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев