«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 396 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы, кіріспе және 1-тармақ «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін «- Елбасының» деген сөзбен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты дипломының сипаттамасында:
тақырыбы және 1-тармақ «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін «- Елбасының» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Дипломның сыртқы бетінде алтын түсті «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы лауреатының дипломы» деген жазу орналасады;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреатының омырауға тағатын белгісінің сипаттамасында:
тақырыбы және 1-тармақ «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін «- Елбасының» деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «РЕВЕРС» жағында қазақ және орыс тілдерінде:
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің -
Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс
сыйлығының лауреаты»
«Лауреат государственной премии
мира и прогресса Первого Президента
Республики Казахстан - Лидера Нации»
деген жазу орналасады;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты куәлігінің сипаттамасында:
тақырыбы, 1 және 4-тармақтар «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін «- Елбасының» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Куәліктің сыртқы жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы, оның төменгі жағында алтын түсті «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы лауреатының куәлігі» деген жазу орналасады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов