"ҚазМедТех" акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадығы № 1238 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «ҚазМедТех» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні лизинг шарттарымен одан әрі денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен 3600000000 (үш миллиард алты жүз миллион) теңге мөлшерінде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
      2) Қоғамның медициналық техниканы өндірушілермен және өндірушілердің ресми өкілдерімен аффилирленуін болдырмау жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Қоғамның жарғысын бекітсін және Қазақстан Республикасының әділет органдарында оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 1238 қаулысымен
бекітілген   

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар

      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қ.» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-122 жолмен толықтырылсын:
      «21-122. «ҚазМедТех» АҚ».
       2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-9-жолмен толықтырылсын:
      «227-9. «ҚазМедТех» АҚ».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
       4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.