Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1208 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы N 1036 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.09 № 1036 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 35, 338-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесінде:
      8-тармақтың 3) тармақшасында «мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «,ғылым, бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов