Тауарларды еркін қойма кедендік рәсімінде еркін қойма аумағында өндірген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өткізген кезде олардың сәйкестік өлшемдері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 1178 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 133 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 133 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексінің (Салық кодексі) 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тауарларды еркін қойма кедендік рәсімінде еркін қойма аумағында өндірген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өткізген кезде олардың сәйкестік өлшемдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереженің 37-тармағына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов