Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 8 қарашадағы
№ 1169 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 42, 485-құжат):
1-тармақта:
«республикалық» деген сөз алынып тасталсын;
«республикалық бюджет қаражаты» деген сөздер «бюджет қаражаты» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.11 № 314 Қаулысымен.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2016 № 40 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).