Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесінде:
7-тармақта:
бірінші бөлікте:
екінші, үшінші абзацтардағы «сандық» деген сөз «литерлік» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлікте «сандық» деген сөз «литерлік» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов