Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қазандағы № 1122 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.30 № 298 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөнінде ұлттық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1211 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбындағы, 1-тармақтағы және 2-тармақтың 1), 2) тармақшаларындағы «ұлттық» деген сөз «республикалық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі республикалық кеңес туралы ережеде:
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы «ұлттық» деген сөз «республикалық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «адами ресурстарды» деген сөздер «еңбек ресурстарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы «жұмысын жоспарлайды» деген сөздер «жұмыс жоспарын жоспарлайды және бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы «, жұмыс берушілер қауымдастығы, білім беру органдары, кәсіподақтар мүшелерінің» деген сөздер «мүшелерінің, мемлекеттік даму институттары, жұмыс берушілер қауымдастығы, білім беру органдары, кәсіподақтар басшыларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы «жарты жылда» деген сөздер «бір тоқсанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі ұлттық кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Орынбаев                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы             Министрінің орынбасары, төрағаның
                              орынбасары,

Ырсалиев                    - Қазақстан Республикасының Білім және
Серік Әзтайұлы                ғылым вице-министрі, хатшы,

Жұмағалиев                  - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы               ақпарат министрі,

Жұмағұлов                   - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы            ғылым министрі,

Құсайынов                   - Қазақстан Республикасының Көлік және
Әбілғазы Қалиақпарұлы         коммуникация министрі,

Жәмішев                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы             министрі,

Мыңбаев                     - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Сауат Мұхаметбайұлы           газ министрі,

Айтжанова                   - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы           даму және сауда министрі,

Нокин                       - Қазақстан Республикасының Құрылыс және
Серік Кеңесұлы                тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
                              агенттігінің төрағасы,

Есекеев                     - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының
Қуанышбек Бақытбекұлы         Басқарма төрағасы (келісім бойынша),

Ізбасханов                  - «Тау-Кен Самұрық» акционерлік қоғамының
Қылышбек Сатылғанұлы          басқарушы директоры (келісім бойынша),

Исанова                     - Шетелдік инвесторлар кеңесінің
Мергүл Бақтығалиқызы          Қазақстандық қауымдастығының директоры
                              (келісім бойынша),

Қуандықова                  - «ЕNRC Каzаkhstan» жауапкершілігі
Майра Алдажарқызы             шектеулі серіктестігінің корпоративті
                              коммуникациялар жөніндегі басқарушы
                              директоры (келісім бойынша),

Мамин                       - «Қазақстан темір жолы» ұлттық
Асқар Ұзақбайұлы              компаниясы» акционерлік қоғамының
                              Басқарма төрағасы (келісім бойынша),

Мамытбеков                  - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
Асылжан Сарыбайұлы            акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы
                              (келісім бойынша),

Палымбетов                  - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы»
Болат Әбілқасымұлы            акционерлік қоғамының басқарушы
                              директоры - Басқарма төрағасының
                              орынбасары (келісім бойынша),

Радостовец                  - «Республикалық кен өндіру және кен-
Николай Владимирович          металлургиялық кәсіпорындары
                              қауымдастығы» заңды тұлғалар
                              бірлестігінің атқарушы директоры
                              (келісім бойынша),

Сәрсенов                    - «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық
Әділбек Ғазизұлы              холдингі» акционерлік қоғамының
                              Басқарма төрағасы (келісім бойынша),

Сәрсенов                    - «КаzЕnеrgy» Қазақстан мұнай-газ және
Жанболат Жәкейұлы             энергетика кешені ұйымдары
                              қауымдастығының Бас директоры (келісім
                              бойынша).

Худова                      - Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп
Любовь Николаевна             кәсіпорындары қауымдастығының Басқарма
                              төрайымы (келісім бойынша),

Шалабеков                   - Теңіз көлігі кәсіпкерлері
Бауыржан Лазарұлы             қауымдастығының атқарушы директоры
                              (келісім бойынша),

Шайкенова                   - Қазақстандық туристік қауымдастығының
Рашида Рашидқызы              директоры (келісім бойынша),

Ыдырысов                    - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық
Ерлан Сапарғалиұлы            компаниясы» акционерлік қоғамының
                              басқарушы директоры (келісім бойынша);

       көрсетілген құрамнан Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, Қадырбек Қозыбайұлы Бөрібеков, Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев, Әсет Өрентайұлы Исекешев, Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов, Анатолий Иванович Самаренко шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов