"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1105 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж. № 11, 84-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бүкіл мәтін бойынша «Мәдениет» деген сөз «Байланыс» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «Бауыржан Жұмаханұлы Омаров» деген сөздер «Болат Талапұлы Берсебаев» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Дулатқызы Құрманғалиева» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі Нұрай Нұрғожаұлы Оразов» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне», «әзірлеу тапсырылсын» деген сөздер тиісінше «2011 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі», «әзірлесін» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К Мәсімов