«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Өрт қауіпсіздігі саласында лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1348 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 464-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 және 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1348 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 867 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 33, 452-құжат).
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов