"Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы қағидатын соттардың сақтауы туралы" Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 25 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 8 Нормативтік қаулысы

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. «Сот отырысының хаттамасы жөнінде қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларын қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 11 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-тармақ «апелляциялық» деген сөзден кейін «, кассациялық және» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 5-тармақта:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «- ҚІЖК-нің 109-бабындағы тәртіпте прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) берілген шағымдарды қарау;»;
      үшінші абзац «ұзартуға» деген сөзден кейін «берілген сот санкциясының» деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «- ҚІЖК-нің 409-бабының жетінші бөлігінде көзделген жағдайларда істі апелляциялық сатыда қарау кезінде;»;
      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «- сезіктіні, айпталушыны қамауға алу және үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына судья санкция бергенде.»;
      3) 8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін айып тағылған сотталушыға оның ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш беру құқығының түсіндірілуі, осы мәселе бойынша оның ұстанымын, мәлімделген өтініш бойынша тараптардың пікірін істі алдын ала тыңдау хаттамасында көрсету қажет.»;
      4) 27-тармақтағы «бейне-, дыбысжазбаларына» деген сөздер «бейне, -аудиожазбаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                   М. Әлімбеков

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                       Ж. Бәйішев