Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 162 қаулысына толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 798 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 162 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспарында:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 40-1-жолмен толықтырылсын:

"

40-1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қоршағанортамині

Тамыз

Қазан

Қараша

Е.М. Сәдуақасова

";

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуында:
      "БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі".
       2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                          К. Мәсімов