Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 459 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 797 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мемлекеттік статистика мәселелері жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы N  459 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., ю 24, 245-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Смайылов                  - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлихан Асханұлы             агенттігінің төрағасы, төрағаның
                            орынбасары,

Орынханов                 - Қазақстан Республикасы Статистика
Қайрат Кәкімұлы             агенттігі Стратегиялық даму
                            департаментінің директоры, хатшы,

Айтжанова                 - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы         даму және сауда министрі,

Жұмағалиев                - Қазақстан Республикасының Байланыс
Асқар Қуанышұлы             және ақпарат министрі,

Рау                       - Қазақстан Республикасының Индустрия
Альберт Павлович            және жаңа технологиялар бірінші
                            вице-министрі,

Нұрпейісов                - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Қайрат Айтмұхамбетұлы       қызмет істері агенттігінің төрағасы
                            (келісім бойынша);

      мына:

"Құл-Мұхаммед             - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы             және ақпарат министрі",

"Мыңбаев                  - Қазақстан Республикасының Энергетика
Сауат Мұхаметбайұлы         және минералдық ресурстар министрі"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Құл-Мұхаммед             - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы             министрі",

"Мыңбаев                  - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Сауат Мұхаметбайұлы         газ министрі";

      көрсетілген Кеңестің құрамынан Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов, Әсет Өрентайұлы Исекешев, Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев, Анар Ертөлеуқызы Мешімбаева, Дана Тілеуқызы Әбутәліпова, Арын Амангелдіұлы Орсариев шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов