"Қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырул

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 6 Нормативтік қаулысы

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. «Қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 15-тармақта:
      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сот ақтау үкімін шығарған кезде немесе істі қысқарту туралы қаулы шығарған кезде ҚІЖК-нің 40-бабында, 371-бабының екінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың талаптары бойынша заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартудың және соттаудың салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөнінде шешім қабылдайды.»;
      екінші сөйлемнен кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Сот актісінің күші жойылғаннан кейін қойылған талапты заңсыз актіні шығарған соттың судьясы сот отырысына мүдделі тұлғаларды шақыра отырып, жеке-дара қарайды.»;
      2) 17-тармақта:
      екінші сөйлем «қаулысына» деген сөзден кейін «апелляциялық,» деген сөзбен толықтырылсын, «жоғары тұрған сотқа» деген сөздер алып тасталсын;
      үшінші сөйлемдегі «немесе» деген сөз «немесе/және» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                   М. Әлімбеков

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                       Ж. Бәйішев