"2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының 13 және 23-баптарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасын уақтылы және нысаналы пайдалануды;
2) есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр К. Мәсімов.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 ақпандағы № 64 қаулысымен бекітілген |
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне денсаулық сақтауға 2010 жылға арналған
республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану ережесі
1. Осы Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (будан әрі - Ереже) "2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының 13 және 23-баптарына сәйкес әзірленді.
Ереже облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды:
010 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
027 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
038 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер".
2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына, мемлекеттік сатып алу туралы және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника стандарттарының шеңберінде жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарына арналған медициналық жабдықтардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, сондай-ақ автокөліктің тізбесін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарымен келіседі.
4. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға, психоэмоциялық және дене жүктемелері үшін қосымша ақы алатын лауазымдар мен мамандықтардың (хирургиялық бөлімшелердің операцияларға қатыспайтын мейірбикелері, онкогематологтар) тізбесін кеңейтуге, ауыр (аса ауыр) дене жұмысында және зиянды (аса зиянды) және қауіпті (аса қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшыларға, туберкулезге қарсы қызмет, сәулелі диагностика мамандарына қосымша ақыларды ұлғайтуға, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыруды орташа өңірлік деңгейге дейін кезең-кезеңмен жеткізуге пайдаланылады.
5. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы заңнамада белгіленген тәртіппен бекіткен объектіні пайдалануға беру актісі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін күтіп-ұстауға ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу үшін шарт болып табылады.
Ағымдағы нысаналы трансферттер күрделі сипаттағы шығыстарды қоспағанда, жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін күтіп-ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға пайдаланылады.
Мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдары объектіні пайдалануға беру кешіктірілген жағдайда 2010 жылғы 1 қарашадан кешіктірмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне тиісті қаржы жылына арнап бекітілген сома шегінде қаражатты объектілер арасында қайта болу туралы ұсыныстар енгізе алады.
6. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, гематологиялық сырқаттарға химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын ересек сырқаттарға арналған қан ұйыту факторларын, жіті миокард инфаркты бар сырқаттар үшін тромболитикалық препараттарды, В мен С вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды, қызметтік міндеттерін орындау аурудың басқа адамдарға берілу қаупімен байланысты медицина қызметкерлерін, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларды, АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды және ЖИТС-пен ауыратын балаларды емдеу үшін дәрілік заттар сатып алуға пайдаланылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.04 № 1155 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.7. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен автокөлік сатып алуға пайдаланылады.
8. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, гематологиялық сырқаттарға химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын ересек сырқаттарға арналған қан ұйыту факторларын, жіті миокард инфаркты бар сырқаттар үшін тромболитикалық препараттарды, В мен С вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды, қызметтік міндеттерін орындау аурудың басқа адамдарға берілу қаупімен байланысты медицина қызметкерлерін, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларды, АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды және ЖИТС-пен ауыратын балаларды емдеу үшін дәрілік заттар мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.04 № 1155 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.9. Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген медициналық жабдықтармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және автокөлікпен жарақтандыруды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады.
10. Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген медициналық жабдықтардан, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен автокөліктен басқа, медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдары жүзеге асырады.
11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарының негізінде жүргізеді.
12. Осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің медицина ұйымдары арасында медициналық жабдықтарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен автокөлікті бөлуді ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдары жүзеге асырады.
13. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жарты жылдықтың және бір жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне есептілікті ұсынады.
Ережеге 1-қосымша |
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды
материалдық-техникалық жарақтандыруға 2010 жылы
ағымдағы нысаналы трансферттердің шеңберінде берілетін
медициналық жабдықтардың, медициналық мақсаттағы
бұйымдардың және автокөліктің тізбесі
Р/с № | Атауы |
1 | 2 |
1 | Рентгендік флюорографиялық стационарлық және жылжымалы цифрлық кешен |
2 | Рентгендік цифрлық стационарлық және жылжымалы маммограф |
3 | Жылжымалы стоматологиялық қондырғы |
4 | Ультрадыбыстық диагностика аппараты |
5 | Биохимиялық талдағыш |
6 | Рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат |
7 | Биологиялық қауіпсіздік шкафы |
8 | Гематологиялық талдағыш |
9 | Иммундық-ферменттік талдағыш |
10 | Реанимобиль |
11 | Өкпені жасанды желдету аппараты |
12 | Ингаляциялық наркозға арналған аппарат |
13 | Жаңа туған нәрестелерге арналған стационарлық және көліктік инкубатор (кювез) |
14 | Жылытқышы бар реанимация үстелі |
15 | Портативті неонатальды монитор |
16 | Эндоскопиялық хирургияға арналған жиынтық |
17 | Компьютерлік пен магниттік-резонанстық томографтар |
18 | Гемодиализ аппараты |
19 | Қышқылды-негізгі жай-күйді талдағыш |
20 | Тармақты цитометр |
21 | Онкологиялық ұйымдарға арналған сәулелік терапия аппараттары |
22 | Литотриптер |
23 | Қан орталықтарына арналған медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және мамандандырылған автокөлік |
Ережеге 2-қосымша |
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 2010 жылы берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.11.04 № 1155 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
мың теңгемен
Р/с № | Өңірлердің атауы | Аудандық және қалалық емханаларды жарақтандыру | Жедел медициналық жәрдем қызметін жарақтандыру | Туберкулезге қарсы мекемелерді жарақтандыру | Балалар мен босандыру ұйымдарын жарақтандыру | Қалалық және облыстық ауруханаларды жарақтандыру | Онкологиялық ұйымдарды жарақтандыру | Магнитті-резонансты томографпен және компьютерлік томографтармен жарақтандыру | Кардиохирургиялық орталықтарды (бөлімшелерді) жарақтандыру | Санитариялық авиация қызметін жарақтандыру | Қан орталықтарын жарақтандыру | Ұтқыр медициналық кешендермен жарақтандыру | Барлығы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
1. | Ақмола облысы | 117 100 | 75 580 | - | 122 711 | - | 70 658 | 633 550 | - | 24 840 | 68 270 | 86 000 | 1 198 709 |
2. | Ақтөбе облысы | 116 214 | - | 7710 | 183 585 | 97 006 | - | - | - | 24 840 | 150 120 | 86 000 | 665 475 |
3. | Алматы облысы | 117 100 | 75 580 | - | 202 742 | 116 720 | 106 087 | - | - | 24 840 | 144 103 | 86 000 | 873 172 |
4. | Атырау облысы | 117 100 | - | - | 196 550 | 89 610 | - | - | - | 24 840 | 97 380 | 86 000 | 611 480 |
5. | Шығыс Қазақстан облысы | 117 100 | - | - | 302 718 | 96 616 | - | - | - | 24 840 | 40 335 | 86 000 | 667 609 |
6. | Жамбыл облысы | 117 100 | 75 580 | 81 350 | 135 779 | 44 600 | - | 128 750 | - | 24 840 | 39 190 | 86 000 | 733 189 |
7. | Батыс Қазақстан облысы | 117 100 | - | - | 98 872 | 79 410 | 438 015 | - | - | 24 840 | 137 725 | 86 000 | 981 962 |
8. | Қарағанды облысы | 319 245 | 64 783 | - | 313 462 | 172 853 | 246 170 | 378 000 | 534 183 | 24 840 | 43 320 | 86 000 | 2 182 856 |
9. | Қостанай облысы | 117 100 | - | 178 400 | 159 299 | 93 404 | 19 570 | - | - | 24 840 | 50 637 | 86 000 | 729 250 |
10. | Қызылорда облысы | - | - | - | 23 189 | - | - | 844 250 | - | 24 840 | 87 260 | 86 000 | 1 065 539 |
11. | Маңғыстау облысы | 92 200 | - | - | 348 256 | 28 740 | - | 504 898 | - | 24 840 | 38 275 | 86 000 | 1 123 209 |
12. | Павлодар облысы | 117 100 | - | 89 200 | 146 069 | 45 000 | - | 128 750 | - | 24 840 | 97 379 | 86 000 | 734 338 |
13. | Солтүстік Қазақстан облысы | 116 940 | - | 143 233 | 131 232 | 126 518 | 122 220 | - | - | 24 840 | 32 930 | 86 000 | 783 913 |
14. | Оңтүстік Қазақстан облысы | 117 100 | 75 580 | 521 810 | 272 607 | 106 654 | 15 100 | - | - | 24 840 | 36 328 | 86 000 | 1 256 019 |
15. | Алматы қаласы | 44 600 | - | 159 480 | 150 500 | 172 424 | - | - | - | - | 82 570 | - | 609 574 |
16. | Астана қаласы | 32 700 | 240 400 | 3 590 | 203 604 | 69 920 | - | - | - | - | 106 595 | - | 656 809 |
Жиыны: | 1 775 799 | 607 503 | 1 184 773 | 2 991 175 | 1 339 475 | 1 017 820 | 2 618 198 | 534 183 | 347 760 | 1 252 417 | 1 204 000 | 14 873 103 |