Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін күтіп-ұстауға 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту т

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 41 Қаулысы

      «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін күтіп-ұстауға 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын аударуды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы  және мақсатты пайдалануды;
      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептерді ай сайын есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 29 қаңтардағы
№ 41 қаулысымен   
бекітілген     

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын әлеуметтік
қамсыздандыру объектілерін күтіп-ұстауға 2010 жылға арналған
республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану ережесі

      1. Осы Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін күтіп-ұстауға 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының 13-бабына сәйкес әзірленді және республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 018 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі - 018 бюджеттік бағдарлама) бойынша бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша 018 бюджеттік бағдарламаның жеке қаржыландыру жоспарының негізінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.
      4. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ай сайын есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде ағымдағы нысаналы трансферттер қаражатының пайдаланылуы туралы есептерді ұсынады.
      5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін күтіп-ұстауға ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу үшін мемлекеттік қабылдау комиссиясының заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген объектіні пайдалануға беру актісі шарт болып табылады.
      6. Ағымдағы нысаналы трансферттер күрделі сипаттағы шығыстарды қоспағанда, жаңадан іске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін күтіп-ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға пайдаланылады.