Жекелеген мемлекеттік мекемелерді коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қаңтардағы № 30 Қаулысы

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетудің бірыңғай жүйесін құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес коммуналдық меншіктен берілетін мемлекеттік мекемелер заңнамада белгіленген тәртіппен мүліктік кешендер ретінде республикалық меншікке қабылдансын және олар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына берілсін.
      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.
      3. Осы қаулының 3-қосымшасында көрсетілген мемлекеттік мекемелер оларды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және тиісті облыстардың, Астана қаласының әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
      2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 3-жолда:
      «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолдағы «22863» деген сандар «23136» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолда «18918» деген сандар «19191» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Апаттар медицинасы орталығы» деген жолдағы «137» деген сандар «410» деген сандармен ауыстырылсын;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.11.17 № 1206 Қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.17 № 1206 Қаулысымен.
      6. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жыл 28 қаңтардағы
№ 30 қаулысына   
1-қосымша     

Мүліктік кешендер ретінде республикалық меншікке қабылданатын
және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
қарамағына берілетін мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1) «Өңірлік апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы;
      2) «Аумақтық апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы;
      3) «Астана қаласының Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы;
      4) «Шығыс Қазақстан өңірлік апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы;
      5) «Облыстық апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы;
      6) «Облыстық апат медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы;
      7) «Солтүстік Қазақстан облыстық аумактық апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы;
      8) «Облыстық апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы;
      9) «Облыстық апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы;
      10) «Облыстық төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек корсету орталығы» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 28 қаңтардағы
№ 30 қаулысына   
2-қосымша     

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
мемлекеттік мекемелері болып қайта аталатын
мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. «Өңірлік апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Ақтөбе облыстық Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесіне, Ақтебе қаласы.
      2. «Аумақтық апаттар медицина орталығы» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Атырау облысының Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесіне, Атырау қаласы.
      3. «Шығыс Қазақстан еңірлік апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Шығыс Қазақстан облысының Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесіне, Өскемен қаласы.
      4. «Облыстық апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қарағанды облысының Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесіне, Қарағанды қаласы.
      5. «Облыстық апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қызылорда облысының Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесіне, Қызылорда қаласы.
      6. «Облыстық апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Маңғыстау облысының Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесіне, Ақтау қаласы.
      7. «Облыстық төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Павлодар облысының Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесіне, Павлодар қаласы.
      8. «Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Солтүстік Қазақстан облысының Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесіне, Петропавл қаласы.
      9. «Облыстық апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Оңтүстік Қазақстан облысының Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесіне, Шымкент қаласы.
      10. «Астана қаласының Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Астана қалалық Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесіне, Астана қаласы.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 28 қаңтардағы
№ 30 қаулысына     
3-қосымша       

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Апаттар
медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен қайта
ұйымдастырылатын мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Ақтөбе облыстық апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Атырау облыстық апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы.
      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Шығыс Қазақстан облыстык апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы.
      4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қарағанды облыстық апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы.
      5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қызылорда облыстық апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы.
      6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Маңғыстау облыстық апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы.
      7. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Павлодар облыстық апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы.
      8. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Солтүстік Қазақстан облыстық апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы.
      9. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Оңтүстік Қазақстан облыстық апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы.
      10. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Астана қалалық апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.