Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2313 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 N 448 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын бөлу нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 441-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағанындағы «Денсаулық сақтау,» деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-1-жолмен толықтырылсын:
«

3-1

Денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру

кемінде 5

».

      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов