"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2249 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2010 жылға арналған квота республиканың экономикалық жағынан белсенді халқына шаққанда 0,75 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      2. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 354-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштері» деген 2-бөлімде:
      «Әлеуметтік сала дамуының реттеуіштері» деген кестедегі «Жұмыс күшінің импортының үлесі (Қазақстан Республикасының шекара бойындағы облыстардағы ауылшаруашылық жұмыстарында еңбек қызметін атқару үшін тартылған еңбекші-мигранттарды қоса алғанда)» деген жолдың «2010 ж.» деген бағанындағы «3,20» деген сандар «0,75» деген сандармен ауыстырылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов