Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2218 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 45, 514-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасында:
      «Бағдарламаның паспорты» деген 1 бөлімде:
      «Қаржыландыру көлемі мен көздері» деген жолда:
      екінші абзацта:
      «197 795,6» деген сандар «88 214,9» деген сандармен ауыстырылсын;
      «118 073,7» деген сандар «22 134,9» деген сандармен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы «17 421,5» деген сандар «13 040,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      бесінші абзацта:
      «85 397,3» деген сандар «34 335,0» деген сандармен ауыстырылсын;
      «53 338,1» деген сандар «11 675,1» деген сандармен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацта:
      «76 737,7» деген сандар «32 784,7» деген сандармен ауыстырылсын;
      «54 580,1» деген сандар «10 459,8» деген сандармен ауыстырылсын;
      тоғызыншы және оныншы абзацтар алынып тасталсын;
      он екінші абзацтағы «7 207,2*» деген сандар «8 028,9*» деген сандармен ауыстырылсын;
      он үшінші абзац алынып тасталсын;
      он төртінші абзацтағы «6 356,6» деген сандар «7 178,3» деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы oн бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «- Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы жылыжай шаруашылығын дамытуға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ есебінен 850,6 млн. теңге.»;
      он бесінші абзацтағы «тиісті қаржылық кезеңдерге» деген сөздер «тиісті қаржылық кезеңге» деген сөздермен ауыстырылсын,
      «Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі» деген 5-бөлімде:
      «Әлеуметтік қолдау» деген 5.3.2-кіші бөлімнің 1) тармақшасының бесінші абзацында:
      «1,0» деген сандар «1,7» деген сандармен ауыстырылсын;
      «1,7» деген сандар «1,0» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Тұрғын үймен қамтамасыз ету» 5.3.3-кіші бөлімде:
      екінші абзацтағы «Жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі ескірген тұрғын үйді қалпына келтіру республикалық бюджеттен бөлінетін біржолғы жәрдемақылар есебінен ішінара; тұрғын үйді сатып алу, оның құрылысы - » деген сөздер «Тұрғын үй салу және сатып алу, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі ескірген тұрғын үйді қалпына келтіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы «23,2 мың» деген сандар мен сөз «4007» деген сандармен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы «Кемінде үш жүз отбасы тұратын 11 бірыңғай қоныс салу жоспарлануда.» деген сөздер алынып тасталсын;
      алтыншы абзацтағы «жылдық 1 %-бен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын сыйақы ставкасы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «Бағдарламаның пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      жетінші абзацтағы «ҚТҚЖБ АҚ-мен Бағдарламаға қатысушыларға жылдық 4 %-бен (оның ішінде 3 % банктің операциялық шығыстарының өтемақысы) қарыз беру жөніндегі агенттік қызметтерді орындауға» деген сөздер «Бағдарламаға қатысушыларға қарыз беру жөніндегі агенттік қызметтерді орындауға «ҚТҚЖБ» АҚ-мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырма екінші абзацта:
      «23 балабақша» деген сандар мен сөз «3 балабақша» деген санмен және сөзбен ауыстырылсын;
      «9 мектеп» деген сан мен сөз «4 мектеп» деген санмен және сөзбен ауыстырылсын;
      «334» деген сандар «201,4» деген сандармен ауыстырылсын;
      «385,1» деген сандар «131,92» деген сандармен ауыстырылсын;
      «299,1» деген сандар «75,74» деген сандармен ауыстырылсын;
      «2 қазандық» деген сан мен сөз «1 қазандық» деген санмен және сөзбен ауыстырылсын;
      «Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» деген 5.4-кіші бөлімде:
      үшінші абзацтағы «150» деген сандар «30» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімде:
      екінші абзацта:
      «197 795,6» деген сандар «88 214,9» деген сандармен ауыстырылсын;
      «118 073,3» деген сандар «22 134,9» деген сандармен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы «17 421,5» деген сандар «13 040,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      бесінші абзацта:
      «85 397,3» деген сандар «34 335,0» деген сандармен ауыстырылсын;
      «53 338,1» деген сандар «11 675,1» деген сандармен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацта:
      «76 737,7» деген сандар «32 784,7» деген сандармен ауыстырылсын;
      «54 580,1» деген сандар «10 459,8» деген сандармен ауыстырылсын;
      тоғызыншы және оныншы абзацтар алынып тасталсын;
      он екінші абзацтағы «7 207,2*» деген сандар «8 028,9*» деген сандармен ауыстырылсын;
      он үшінші абзацтағы «6 356,6» деген сандар «7 178,3» деген сандармен ауыстырылсын;
      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «- Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы жылыжай шаруашылығын дамытуға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ есебінен 850,6 млн. теңге талап етіледі.»;
      он бесінші абзацтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
      «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
      реттік нөмірі 5-жолды қоспағанда, бүкіл мәтін бойынша «ИСМ» деген аббревиатура «ҚТКШІА» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 1-жолда:
      2-бағандағы «процесстерін реттеу» деген сөздер «процесстері» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-бағандағы «III тоқсан» деген сан мен сөз «IV тоқсан» деген санмен және сөзбен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 15-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үймен жайластыруға тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы, оның ішінде 2010 жылы Ақмола облысы Степногор қаласының Қарабұлақ ауылында, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында, Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында пилоттық жобаларды іске асыруға жеңілдетілген ипотекалық кредиттер беру»;
      6-бағанда:
      «36 413,7*» деген сандар «9 163,3*» деген сандармен ауыстырылсын;
      «39 156,5*» деген сандар «9 163,3*» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 16-жолдың 6-бағанында:
      «17 408,5» деген сандар «13 027,6» деген сандармен ауыстырылсын;
      «13 551,5» деген сандар «16 071,1» деген сандармен ауыстырылсын;
      «14 574,4» деген сандар «17 431,7» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 17-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаға қатысушылар орналастырылатын аймақтарда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде 2010 жылы Ақмола облысы Степногор қаласының Қарабұлақ ауылында, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында, Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында пилоттық жобаларды іске асыруға»;
      6-бағанда:
      «2009 ж. — 130,0» деген сандар алынып тасталсын;
      «11 860,3*» деген сандар «3 356,8*» деген сандармен ауыстырылсын;
      «1 517,9*» деген сандар «1 296,3*» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 18-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаға қатысушылар орналастырылатын аймақтарда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде 2010 жылы Ақмола облысы Степногор қаласының Қарабұлақ ауылында, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында, Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында пилоттық жобаларды іске асыруға»;
      6-бағанда:
      «5 603,1*» деген сандар «4 890,9*» деген сандармен ауыстырылсын;
      «4 544,3*» деген сандар «4 890,9*» деген сандармен ауыстырылсын;
      «2010 ж. - 5 208,9* 2011 ж. - 4 946,6*» деген сандар алынып тасталсын;
      7-бағандағы «Жергілікті бюджет» деген сөздер алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 18-1-жолда:
      «тұрғын үйлер салу» деген жолдың 6-бағанындағы «5 084,7» деген сандар «5 771,3» деген сандармен ауыстырылсын;
      «инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту» деген жолдың 6-бағанындағы «1 271,9» деген сандар «1 407,0» деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«

Онтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында тәртіп сақтау тірек пункті мен байланыс бөлімшесін салу

Енбекминіне ақпарат

ОҚО әкімі

2010 жылғы қаңтар

2009 жыл - 25,8

Жергілікті бюджет

»;

      реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

19.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында жылыжай шаруашылығын дамыту

Еңбекминіне ақпарат

ОҚО әкімі, «Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша)

2010-2011 жылдар қаңтар

2009 ж. - 850,6
2010 ж. - 850,6

2009 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, 2010 жылы-республикалық бюджет

»;

      реттік нөмірлері 20,22-жолдар алынып тасталсын;
      «Республикалық және жергілікті бюджеттердің барлық қаражаты» деген жолда:
      «197 795,5» деген сандар «88 214,9» деген сандармен ауыстырылсын;
      «118 073,7*» деген сандар «22 134,9*» деген сандармен ауыстырылсын;
      «оның ішінде» деген жолда:
      «республикалық бюджет» деген жолда:
      «17 421,5» деген сандар «13 040,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      «85 397,3» деген сандар «34 335,0» деген сандармен ауыстырылсын;
      «53 338,1*» деген сандар «11 675,1*» деген сандармен ауыстырылсын;
      «76 737,7» деген сандар «32 784,7» деген сандармен ауыстырылсын;
      «54 580,1*» деген сандар «10 459,8*» деген сандармен ауыстырылсын;
      «жергілікті бюджет» деген жолда:
      «2010 жылы - 5 208,9 млн. теңге, оның ішінде қосымша 5 208,9 млн. теңге;» және «2011 - жылы 4 946,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 4 946,6 млн. теңге;» деген сөздер алынып тасталсын;
      «басқа көздерден («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ӘКК)» деген жолда:
      «7 207,2*» деген сандар «8 028,9*» деген сандармен ауыстырылсын;
      «2010 жылы - 850,6 млн. теңге» деген сөздер мен сандар алынып тасталсын;
      «**» деген жолда:
      «6 356,6» деген сандар «7 178,3» деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «- Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында жылыжай шаруашылығын дамытуға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ есебінен 850,6 млн. теңге.»;
      «Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы» деген жол:
      мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
      «ҚТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов