Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 1138 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы N 2132 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 1138 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізудің іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 4-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "2008 - 7419,0; 2010 - 19000,0*";
      реттік нөмірі 6-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "2008 - 22680,0";
      реттік нөмірі 7-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "2008 - 1144666,0";
      реттік нөмірі 8-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "2008 - 958379,0; 2009 - 510781,0";
      мынадай редакцияда жазылсын:
      реттік нөмірі 9-жолдың 6-бағаны "2008 - 9387,0";
      реттік нөмірі 10-жолдың 6-бағанындағы "2008 - 39412,0; 2009 - 129403,0*" деген сандар "2008 - 53939,0; 2009 - 76363,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10.1-жолмен толықтырылсын:

"

10-1

Халықтың ұлттық санағын өткізу бағдарламасының шеңберінде өзге де қызметтер сатып алу

Қызметтер

СА

2008 жыл

2008 -236149,0

Республикалық
бюджет

";

      реттік нөмірі 11-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "2008 - 201570,0; 2009 - 2518310,0";
      реттік нөмірі 14-жолда:
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "2009 - 148029,0";
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Республикалық бюджет";
      реттік нөмірі 15-жолда:
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "2009 - 2011 жылдар";
      6-баған "2010 - 32760,0*" деген сандардың алдынан "2009 - 3467,0" деген сандармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов