Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 458 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы N 972 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" деген 6-бөлім мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
"29-1. Қазақстан-эстон экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов