Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы айғақтар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 2015 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 442 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 117-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы айғақтар тізбесі бекітілсін
      2. "Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ аса қатерлі көздермен байланысты жұмыстарды жүзеге асыру үшін медициналық психиатриялық жарамсыздықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 маусымдағы N 668 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 18, 201-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
      2009 жылғы 4 желтоқсандағы
N 2015 қаулысымен    
бекітілген        

Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп
көзіне байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық
психиатриялық қарсы айғақтар тізбесі

Медициналық психиатриялық қарсы айғақтар (жалпы және қосымша)

Жоғары қауіп көзіне байланысты жұмыстар

1

2

Жалпы психиатриялық қарсы айғақтар жоғары қауіп көзіне байланысты жұмыстардың барлық түрлері үшін):
ауыр тұрақты немесе жиі асқынатын аурулар байқалатын созылмалы психикалық және мінез-құлық ауытқулары;
невроздық ауытқулар (жеке айқындалады);
пароксизмальды ауытқулары бар қояншық ауруы.

Мыналарды өндіру және қолдану:
химиялық заттар мен қосылыстар:
азот қышқылы, азот тотығы, аммиак;
акриль қышқылы, метакрил қышқылы, олардың эфирлері, нитрилдері (А);
тринитротолуол, динитрофенол, динитробензол, анилин, гексоген;
динитрохлорбензол және басқалары, уротропин, ксилидин, креозолдар, пикрин қышқылы;
майлы қатардың амин қосылыстары және олардың туындылары;
хош иісті қатардың аминдері:
бензидин мен оның қосылыстары, дианидизин, толуидин мен оның қосылыстары, нафтиламиндер (олардың негізінде бояғыштарды қолдану және зертханалық жағдайда пайдалану);
барийдің еритін және ерімейтін қосылыстары;

Бензолмен және оның туындыларымен жұмыс істеу кезіндегі қосымша қарсы айғақтар:
нашақорлық, уытқұмарлық.

бензол және оның туындылары (толуол, ксилол, стирол және басқалары), хош иісті қатардың галоид туындылары, галоид бензилдері мен хлорлы бензилиден (сондай-ақ зертханалық жағдайда пайдалану);
азобояғыштар, антрахинонды, фталоцианилді бояғыштар;
металл бериллийі және оның қосылыстары, бериллий тотығынан жасалған қыш бұйымдарды механикалық өндеу, берилийден шихталар, қорытпалар дайындау;
бета-нафтолдар;
бром және оның қосылыстары;

Майлы қатардың көмірсутегілерінің галоид туындыларымен жұмыс істеу кезіндегі қосымша қарсы айғақтар:
уытқұмарлық.

майлы қатардың көмірсутегілерінің галоид туындылары (дихлорэтан, төрт хлорлы көміртегі, винил хлориді, хлорлы метил, хлороформ, бромэтил, трихпорэтилен, хлоропрен және басқалары);
гидразин және оның қосылыстары;
диметилформамид, диметилацетамид және басқа да майлы қышқылдардың амидтері;
изоцианаттар (А);
сондай-ақ жасанды және синтетикалық талшықтарды (оксалон, СВМ, аримид көміртекті) механикалық қайта өңдеу, бояу, термоөңдеу;
майлағыштарды дайындау, қолдану;
кадмий және оның қосылыстары;
кокс пен кокс газы; кокстеу өнімдерін жинақтау, жинақталған көмірсутегілерді ректификациялау, коксті химиялық зауыттарда таскөмір қара майларын тазарту және қайта өңдеу, сондай-ақ кокс химия өнеркәсібі өнімдерінен жасалған (қара майлар, шайырлар, құмдар және басқалары) асфальт-бетон жабындарын төсеуге байланысты жұмыстар;
кремнийдің органикалық қосылыстары және олардың негізіндегі майлағыштар(А);
литий және оның қосылыстары;
марганец және оның қосылыстары, марганец тотығы, дәнекерлеу материалдары (электродтар,ұнтақты сымдар мен флюстер); марганецті болатты және құрамында 10%-дан астам марганец бар металдарды балқыту; кен өндіру, марганец қосылыстарын қайта өңдеу және ұсақталған түрде қолдану;
метанол;
тотияйн және оның қосылыстары, сондай- ақ оларды өндіру;
никель және оның қосылыстары;
органикалық желдеткіштер, тозуға қарсы вулканизациялау, вулканизация ингибиторлары (каптакс, тиурам, Д неозон және басқалары);
сондай-ақ хлорлы органикалық, фосфорлы органикалық пестицидтерді, карбамин туынды қышқылдарды, металл органикалық және басқа да пестицидтерді қоймаларда сақтау;
мақта және оны алғашқы өңдеу;
платина металдар, алтын, күміс және олардың қосылыстары мен қорытпалары;

Мұнаймен, табиғи газбен және олардың туындыларымен жұмыс істеу кезіндегі қосымша қарсы айғақтар:
нашақорлық, уытқұмарлық.

мұнай, табиғи газ, пиробензол, сондай-ақ озокерит өндіру және өңдеу, автомобиль және авиация майларын қайта қалпына келтіру; шектеулі және шектеусіз көмірсутегілерді (полиэтилен, дивинил, изопрен және басқалары), еріткіш бензинді бөлу; мұнай құятын кемелерді, цистерналарды, резервуарларды тазалау; тауар парктеріне қызмет көрсету, сынамаларды іріктеу, мұнайдың аралық және соңғы өнімдеріннің шикізаттарын зертханалық бақылау; мұнай өндіру жөніндегі ұңғымалар мен қондырғыларды пайдалану, жөндеу;
жерде сирек кездесетін элементтердің аэрозольдары және олардың қосылыстары;
сондай-ақ сынап пен оның қосылыстарын өндіру, балқыту, қоспалардан тазарту; сынапты термометрлер, люминесценттік шамдар, басқа да физикалық және жарық техникасы аспаптары, бояулар, сынапты органикалық қосылыстар; сынаптық электролиз; ашық сынаппен байланыс кезіндегі жұмыстар; шатырлауық сынаптарды өндіру, сынап түзеткіштерімен жұмыстар; жабық сынапты, амалигам (стоматологияда) приборлар, фармацевтикалық және косметикалық препараттар өндіру;
кендер мен концентраттардан алынған қорғасын; қорытпалар, құрамында қорғасын, ақ бояуы бар құрғақ пигменттер алу; жабық кеңістіктерде қорғасынмен қаптау, бұйымдарды жұқарту, тығыздау, қорғасындау; қорғасынды механикалық және қолмен өңдеу; агломерация; подшипниктерді құю; қорғасынды аккумуляторлар, бояулардан, жылтырақтардан тұратын үгітілген қорғасын; қорғасын ванналарда шынықтыру;
шыныдан және шыны талшықтарынан тұратын қорғасын өндіру және өңдеу; құрамында қорғасын бар топырақ жабылған үстіңгі беттерді дәнекерлеу және кесу; қорғасын бояулары үнемі қолданылатын майлау жұмыстары; қорғасыннан бұйымдар дайындау; пьезокерамика мен шыны кристалл цемент өндіру және қолдану; қорғасын кенін байыту: ұсақтау, араластыру және құрамында қорғасын сульфиді бар шаң-тозаңның пайда болуына байланысты басқа да үдерістер; қорғасынның аз мөлшерін жекелей балқыту: жабыстыру, полиграфиялық өндіру (линотиптік жұмыстар, қолмен жинау және басқалары);
селен, телур;

Күкіртті органикалық қосылыстармен жұмыс істеу кезіндегі қосымша қарсы айғақтар: нашақорлық, уытқұмарлық.

күкіртті органикалық қосылыстар; сульфанат жиынтықтары, метил күкіртті қосылыстар, күкіртті, күкірт қышқылын өндіру; күкіртті және күкірт ангидридтер, күкіртті сутегіні, күкіртті көміртегін бөлу;
цианистік қосылыстар, цианды сутекті қышқыл мен оның қосылыстары, цианамидтер;
синтетикалық каучук, резеңке қоспаларын дайындау, резеңкені вулканизациялау;

Синтетикалық шайырлармен және пластикалық массалармен жұмыс істеу кезіндегі қосымша қарсы айғақтар: уытқұмарлық.

синтетикалық шайырлар мен пластикалық массаларды мынадай негізде:
стирол (стиролдың полимерлері мен тең полимерлері, полиэфир шайырлар, лактар, желімдер, шыны пластикалар және басқалары); шайырларды, пластмассаларды, лактар мен желімдерді қайта өңдеу, қолдану;
фенол және формальдегид (А) (шайырлар, лактар, желімдер, басқалары); пресс-ұнтақтарды, пресс материалдарды қайта өңдеу; желімдерді, лактарды, сіңіру құрамдарын, байланыстырғыштарды және басқаларды қолдану;
кремний - органикалық қосылыстар (шайырлар, лактар, сұйық силикондар, полимерлерді, пресс материалдарды қайта өңдеу);
изоцианаттар (А) (полиуретандар, полиуретандар көбігі, полимочевиналар және басқалары);
фторорганикалық қосылыстар (полимерлер мен тең полимерлер), фторпластарды термиялық және механикалық қайта өңдеу;
винилхлорид және винилдехлорид, олардың полимерлері мен тең полимерлер, перхлорвинил, желімдер, лак және басқалары;
шайырлар мен пластмассаларды қайта өңдеу, желімдерді, лактарды қолдану және басқалары;
эпихлоргидрин (А); эпоксид шайырлар мен олардың негізіндегі пластмассалар, компаундар;
акрил және метакрил қышқылдар (А), олардың полимерлері, тең полимерлер; эмульсияларды, лактарды, бояуларды қолдану және басқалары;
алифаттық және шектеусіз көмірсутегілер (полиэтилен, полипропилен), олардың полимерлері мен тең полимерлері; тақтатасты шайырлар (А) және олардың бөліну процестері;
сүрмелер және оның қосылыстары;
таллийдің монокристалдары және оның қосылыстары (сондай-ақ өсіру);
қорғасын мен этил сұйығының тетраэтилі; этил сұйығын жанғыш заттармен араластыру;

Этилдендірілген бензинмен жұмыс істеу үшін қосымша қарсы айғақтар: уытқұмарлық

ұшу аппараттары мен автомобиль көлігіне жанармай құю; механикаландырылмаған станцияларда этилдендірілген бензинді ағызу, құю;
мұнай базаларында, бензин қоймаларында, бензоколонкаларда қондырғылар мен ыдыстарды тазалау;
кобальт және оның косылыстары;
бестотықты ванадий, феррованадий; құрамында тұратын шлактар бар ванадийді қайта өңдеу;
молибден, вольфрам және олардың қосылыстары;
титан, оны өңдеу, металл титанды және оның қосылыстарын қалпына келтіру;
цирконий, вольфрам және олардың қосылыстары (вольфрам-кобальт, титан-кобальт қорытпалары, цирконийдің металл ұнтақтары);
урсол және урсол бояғыштар (А) (үлбірді бояу);
фтор және оның қосылыстары;
алюминий (электролиздік алу), балқытылған шпатты өндіру және қолдану;
хром (А), хром қышқылы (А), құрамында жанама құрауыштар түріндегі хром қосылыстары бар заттарды қоса алғанда, олардың қосылыстары және қорытпалары;
2) фармакологиялық заттар:

Фармокологиялық заттармен жұмыс істеу кезіндегі қосымша қарсы айғақтар: психоактивті заттарды қолданудың салдарынан психикалық және мінез-құлық ауытқулары.

морфин және оның туындылары;
витаминдер;
сульфаниламидті препараттар;
пиразолонды препараттар;
ісікке қарсы препараттар;
гормональды препараттар;
нейролептиктер;
антикоагулянттар;
анестетиктер (фторотан);
фенолдар және оның туындылары;
формальдегидтер (А), майлы қатардағы басқа да альдегидтер;
фосфор (сары және қызыл), фосфорлы органикалық қосылыстар, оның ішінде фосфаттардың пластификаторлары;
фтал қышқылы, фтал ангидриді және олардың туындылары;
фурандар және олардың туындылары;
фурфуролдар тетрагидрофурандар және басқалары;
хлор және оның қосылыстары, құрамында хлор бар қоспалар;
хлорнафталиндер (А) және олардың қосылыстары, гидрооксинафталин және нафтолдар;
3) биологиялық препараттар:
медициналық практикадағы және дәріханалық мекемелердегі антибиотиктер (А);
микробиологиялық синтез өнімдері:
саңырауқұлақтар-продуценттер, белокты-витаминді концентраттар (БВК), жем ашытқылары, құрама жем (А);
медициналық практикада, дәріханалық мекемелерде ауыл шаруашылығында және экономиканың басқа да салаларындағы ферментті препараттар, биоширатқыштар;
диагностикалауға, емдеуге арналған аллергендер;
қан препараттары (А), иммунды биологиялық препараттар;
инфекцияланған материал; гельминттер жұқтырылған материал;
бруцеллез қоздырғышы; мал шаруашылығында (бруцеллез бойынша эпизоотиялық жай-күйге қарамастан), меншік нысанына қарамастан, малдан алынған шикізаттар мен азық-түліктерді қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарда жұмыс істеу кезінде;
КУ қызбасы бойынша қолайсыз аумақтардағы мал шаруашылығындағы, КУ қызбасымен ауыратын ауыл шаруашылығы малдарынан алынған шикізаттар мен өнімдерді қайта өндейтін кәсіпорындардағы КУ қызбасы қоздырғышы;
4) өнеркәсіптік аэрозолдар:
абразивтер және құрамында абразив бар материалдар (қалыпты ақ, хромды электрлі корундтар, монокорундтар);
бор карбиді, эльбор, кремний карбиді және құрамында кремний бар басқа да материалдар (кремнийдің еркін және аморфты қос қышқылы): әйнек, динас, кремнийлі мыс қорытпалары, силумин және басқалары;
кенді және кенді емес қазбалар, көмірді барлау, таулы жерде ашық және жер астында өндіру, оларды байыту және қайта өңдеу кезінде; құю жұмыстары кезінде: жер дайындау, құйманы қалыптау, сындыру, кесу, тазалау, тазарту және құм құю жұмыстары; сондай-ақ металдар мен қорытпаларды құрғақ тегістеу, металдар жалату, олардан металл ұнтақтар мен бұйымдар алу кезінде;
сондай-ақ құрамында асбест бар кендерді барлау, өндіру (10% асбест және одан да көп), құрамында 10%-ға дейін асбест болатын жасанды асбесті, асбестті цемент бұйымдарын, асбестті бакелитті, волокнин, асбестті резеңкелерді қайта өңдеу кезінде;
сондай-ақ басқа да силикат және құрамында силикат бар бұйымдарды қайта өңдеу кезінде: шыны және минерал талшық, цемент, саз, шамот, боксит, нефелинді сиениттер, дистексиллиманит, оливин, апатиттер, слюдалар, дунит, хроммагнезит, форстерит, әк тастар, барит, котленит, туфтар, пемзалар, перлит, темір-кенді концентраттар және металлургиядағы агломераттар және басқалары;
сондай-ақ көмір, қара күйе, жасанды графит, кокс (мұнайлы, тақтатасты және басқалары) өндіру, қайта өңдеу кезінде, табиғи және жасанды алмаздар өңдеу және қолдану кезінде;
мақтаны, зығырды, кара қурайды, жүнді, кендірді, дәнді, темекіні, сүректі, шымтезекті, құлмақты қайта өңдеу кезінде, қағаз, табиғи жібек және басқа да материалдар өндіру кезінде алынатын өсімдік, жануар тектес шаң-тозаңдар;
органикалық емес люминофорлардың (оның ішінде құрамында кемінде 5 %-дан кадмий бар) шаң-тозаңдар;
доғалы плазмалы, газ жалынымен дәнекерлеу, еріту және кесу, ұштастыра жанастырып дәнекерлеу (балқыта отырып), электрқож дәнекерлеу кезінде алынатын дәнекерленген:
құрамында 20% және одан көп марганец бар металдар (никель, хром, фтор қосылыстары, бериллий, қорғасын);
құрамында 20%-ға дейін марганец бар темір, аллюминий, магний, титан, мыс, мырыш, молибден, ванадий, вольфрам тотықтары;
5) физикалық факторлар:

Физикалық факторлармен жұмыс істеу кезіндегі қосымша қарсы айғақтар: синкопальды жай-күй (талу).

иондаушы сәулелер, радиоактивті заттар мен иондаушы сәулелердің көздері (олармен барлық жұмыстың түрлері);
иондамайтын сәулелер: 30 мГц - 300 ГГц (ОВЧ, УВЧ, СВЧ, КВЧ) және 30 мГЦ (ВЧ, СЧ, НЧ, ОНЧ, ИНЧ, СНЧ, КНЧ) төмен ағымдағы радиожиіліктің лазерлі, электрлі магнитті өрістері және тұрақты электр және магнит өрістері (жұмыстың барлық түрлері);
өндірістік діріл: жергілікті немесе жалпы;
өндірістік, қарқынды шуы бар, сондай-ақ 81 ДЦБ-дан және одан жоғары шуы бар едәуір кернеулі есту анализаторы;
ультрадыбыс (байланыстық берілу), ультрадыбысты дефектескоптармен және медициналық аппаратурамен жұмыс істеу;
кессондарда, барокамераларда және сүңгуір костюмдерде жұмыс істеу кезіндегі жоғары атмосфералық қысым;
өндірістік үй-жайлардағы жұмыс аймағындағы ауаның төмен температурасы (өндірістік үй-жайлар микроклиматының санитариялық нормалары бойынша рұқсат етілген мәнінен төмен);
жұмыс аумағындағы жоғары температура (өндірістік үй-жайлардағы микроклиматтың санитариялық нормалары бойынша рұқсат етілген мәнінен жоғары) және қарқынды жылу сәулелері (140 Вт/кв.м-дан жоғары);
көзге күш түсіретін жұмыстар кезінде:
дәлдік разрядтары 0,15 мм-ге дейінгі және 0,15 мм-ден 0,3 мм-ге дейінгі объектімен прецизионды жұмыстар;
СНЕ бойынша дәлдік разрядтары III және IV дәрежедегі (0,5 - 1 мм) көзге күш түсіретін жұмыстарда және дисплейлердің экрандарын қадағалауға және ақпараттарды бейнелеЙтін басқа да құралдарға байланысты жұмыстар;
шамадан тыс физикалық жүктемелер:
ауысым ішінде ер адамдар үшін қолмен (кг есептегендегі жүк) немесе күш салып Н-ға, (Н=0,1 кг/с) үнемі - 30 кг-нан артық немесе 300 Н-дан артық орындалатын жүктерді ауыстыру кезінде;
ауысым ішінде қолмен ауыстыратын және көтеретін жүк салмағының шамасы кезінде (ауысымдық жүк айналымы), жұмыс жасап жатқан жер бетінен 12 тоннадан артық көтеру кезінде, еденнен немесе жұмыс жасап жатқан жер бетінен едәуір төмен деңгейден 5 тоннадан артық көтеру кезінде;
мәжбүрлі қалыпта ұзақ тұруына, оның ішінде, түрегеліп тұрып немесе локальдық бұлшық еттердің ширығуына, саусақ және білек бұлшық еттеріне ерекше күш түсіруге байланысты жұмыстар кезінде;
қос қолмен салмағы 10 кг-нан артық жүкті немесе бір қолмен салмағы 5 кг-нан артық жүкті оқтын-оқтын ұстап тұру кезінде (ер адамдар үшін);
дененің бір ауысымда 300-ден артық оқтын-оқтын еңкеюіне байланысты (көзбен шамалағанда тігінен 30 градустан артық шамада);
ауысымның 50%-ынан астам уақытында мәжбүрлі қалыпта тұруға тура келетін (тізерлеп отыратын, жүрелеп отыратын, етбетімен жататын, аспалы орындағы, түрегеп тұратын) жұмыстар кезінде;
дыбыс аппаратына күш түсіруге байланысты жұмыстар кезінде:
оқытушылық, дикторлық, актерлік жұмыстың вокальды-әңгімелесу түрлерінде, телефон станциясындағы жұмыстарда.

Медициналық психиатриялық қарсы айғақтар (жалпы және қосымша)

Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлері

1

2

Жалпы психиатриялық қарсы айғақтар (кәсіптік қызметтің жекелеген кезінде):
ауыр тұрақты немесе жиі асқынатын аурулары байқалатын созылмалы психикалық және мінез-құлық ауытқулары;
невроздық ауытқулар (жеке айқындалады);
пароксизмальды ауытқулары бар қояншық ауруы.

Жалпы психиатриялық қарсы айғақтар кәсіптік қызметтің төменде көрсетілген барлық түрлеріне қолданылады

Биіктікте жұмыс істеу кезіндегі қосымша қарсы айғақтар: синкопальды жай-күй (талу), психоактивті заттарды қолданудың салдарынан психикалық және мінез-құлық ауытқулары.

жоғарыға шығатын немесе биіктікке көтерілуге байланысты биіктікте жұмыс істеу, сондай-ақ көтергіш құралдарға қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар;

Электр қондырғыларға қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар кезіндегі қосымша қарсы айғақтар:
психоактивті заттарды қолданудың салдарынан психикалық және мінез-құлық ауытқулары (жеке айқындалады).

қуаты 127 вольт және одан жоғары жұмыс істеп тұрған электр қондырғыларының қызмет көрсетуі жөніндегі жұмыстар, жедел қосуды жүзеге асыру, осы электр қондырғыларында реттеу, монтаждау жұмыстарын және жоғары вольтты сынақтарды орындау;

Орман қорғау жұмысы кезінде қосымша қарсы айғақтар: синкопальды жай-күй (талу).

мемлекеттік орман қорғау жұмыстары: құлату, ағызу, тасымалдау және ағашты алғашқы өңдеу бойынша;

Шалғайдағы аудандарда, жер асты және мұнай-газ өнеркәсібінде жұмыс істеу кезіндегі қосымша қарсы айғақтар: синкопальды жай-күй (талу).

шалғайдағы, жеткіліксіз қоныстанған, шөлейтті аудандардағы, мұнай-газ өнеркәсібінде, оның ішінде вахталық әдіспен, сондай-ақ теңіздегі бұрғылау кезіндегі жұмыстар;
жер асты жұмыстарының барлық түрлері;
шөлейтті, шалғайдағы және жеткіліксіз қоныстанған аудандарда қиын климаттық-географиялық жағдайларда орналасқан, гидрометеорологиялық станциялардағы, байланыс ғимараттарындағы жұмыстар;
елдің шалғайдағы, халық аз қоныстанған, жету қиын, батпақты және таулы аудандардағы (оның ішінде вахталық экспедициялық әдіспен), геологиялық барлау, топографиялық, құрылыс және басқа да жұмыстар;

Газбен жұмыс істеу қосымша қарсы айғақтар:
психикалық ауытқулар ремиссиясының сатылары, синкопальды жай-күй (талу), психоактивті заттарды қолданудың салдарынан психикалық және мінез-құлық ауытқулары.

ашық газ және мұнай фонтандарының пайда болуы мен жойылуының алдын алу жөніндегі әскерилендірілген бөлімдер мен жасақтардағы жұмыс; әскерилендірілген таулы, таулы жерде кұтқару командаларындағы, өрттен қорғау, шұғыл медициналық көмек қызметіндегі жұмыс;

Әскерилендірілген қызметтерде жұмыс істеу кезіндегі қосымша қарсы айғақтар: психоактивті заттарды қолданудың салдарынан психикалық және мінез-құлық ауытқулары.

әскерилендірілген күзеттегі, банк жүйесіндегі инкассация аппараттарымен арнайы байланыс қызметіндегі, бағыныстылығына қарамастан, қызметкерлеріне атыс қаруын ұстап жүруге және қолдануға рұқсат етілген министрліктер мен ведомстволардағы жұмыс;

Жарылу және өрт қауіптілігі бар жұмыстарда жұмыс істеу кезіндегі қосымша қарсы айғақтар: синкопальды жай-күй (талу), психоактивті заттарды қолданудың салдарынан психикалық және мінез-құлық ауытқулары.

жарылу және өрт қауіптілігі бар өндірістерде жарылғыш материалдар қолдануға байланысты жұмыстар;

Станоктар мен престерде жұмыс істеу кезіндегі қосымша қарсы айғақтар: синкопальды жай-күй.

токарлық, фрезерлік және басқа да станоктардағы, штамптайтын престердегі жұмыстар;

Көлікте жұмыс істеу кезіндегі қосымша қарсы айғақтар: синкопальды жай-күй (талу).

көлік қозғалысына, оның ішінде іштегісіне тікелей байланысты жұмыстар;
қысымда тұрған ыдыстармен қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар;

Қазандықта, газды қадағалау қызметінде жұмыс істеу кезіндегі қосымша қарсы айғақтар: синкопальды жай-күй (талу).

қазандықтағы, газды қадағалау қызметіндегі жұмыстар;

Көлік құралдарын жүргізуге байланысты жұмыстар кезіндегі қосымша қарсы айғақтар:
психикалық дамуының тежелуі (жеке айқындалады, үш жылдан кейін қайта куәландырылады); синкопальды жай-күй (талу), психоактивті заттарды қолданудың салдарынан психикалық және мінез-құлық ауытқулары.

автомобиль, мотокөлік құралдарын, оның ішінде: мотоциклдер, мотороллерлер, мотонарттар А санатының барлық түрлері мен маркаларын, сондай-ақ қалалық электр көлігін жүргізуге байланысты жұмыстар;

Қолмен басқарылатын шағын тракторларға және автомобильдерге байланысты жұмыстар кезіндегі қосымша қарсы айғақтар: маскүнемдіктің, нашақорлықтың, уытқұмарлықтың ремиссиясыз ағымы.

мынадай көлік құралдарын жүргізуге байланысты жұмыстар: шағын тракторлар мен мотоблоктар (белгіленген тіркеуден өткендері); барлық санаттағы мүгедектерге, оның ішінде: Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, әскери қызметшілер қатарынан шыққан мүгедектерге, еңбек мүгедектеріне және балалық шақтан мүгедектерге арналған қолмен басқарылатын автомобильдер;

Мопедтерді жүргізуге байланысты жұмыстар кезіндегі қосымша қарсы айғақтар: нарколептикалық және катаплектикалық ұстамалы психикалық бұзылулар, синкопальды жай-күй (талу), психикалық аурулары бойынша мүгедектер, маскүнемдіктің, нашақорлықтың, уытқұмарлықтың ремиссиясыз ағымы.

қозғалтқышының көлемі 50 см-ден (А санаты) асатын мопедтердің барлық түрлері мен маркалары

Жалдау бойынша жұмыстарға құқығы бар автомобильдерді, тракторларды жүргізуге байланысты жұмыстар кезіндегі қосымша қарсы айғақтар: психикалық дамуының тежелуі (жеке айқындалады, үш жылдан кейін қайта куәландырылады), синкопальды жай-күй (талу), маскүнемдіктің, нашақорлықтың, уытқұмарлықтың ремиссиясыз ағымы.

толық салмағы 3500 кг-нан аспайтын, жүргізушінің орнын қоспағанда - 8 орынды (В санаты), жалдау бойынша жұмыстарға құқығы бар автомобильдер, тракторлар және басқа да өздігінен жүретін машиналар;

Жалдау бойынша жұмыстарға құқығы жоқ автомобильдерді, темір жол көлігін (оның ішінде жылжымалы жерасты құрамдарын) жүргізуге байланысты жұмыстар кезіндегі қосымша қарсы айғақтар: психикалық дамуының тежелуі (жеке айқындалады, үш жылдан кейін қайта куәландыру).

толық салмағы 3500 кг-нан аспайтын, ал жүргізушінің орындығын қоспағанда - 8 орынды (В санаты), жалдау бойынша жұмыстарға құқығы жоқ автомобильдер;

Темір жол көлігін (оның ішінде жылжымалы жерасты құрамдарын) қоса алғанда, көлік құралдарын жүргізуге байланысты жұмыстар кезіндегі қосымша қарсы айғақтар: синкопальды жай-күй (талу), маскүнемдіктің, нашақорлықтың, уытқұмарлықтың ремиссиясыз ағымы.

толық салмағы 3500 кг-нан асатын жүктерді тасымалдауға арналған (С санаты) автомобильдер;

Тартқышы бар көлік құралдарын, құрамдарды жүргізуге байланысты жұмыстар кезіндегі қосымша қарсы айғақтар: психикалық дамуының тежелуі, синкопальды жай-күй (талу), маскүнемдіктің, нашақорлықтың, уытқұмарлықтың ремиссиясыз ағымы.

жолаушылар тасымалдауға арналған және отыратын орны жүргізушінің орнын қоспағанда 8-ден асатын автомобильдерді (Д санаты); толық салмағы 3500 кг-нан аспайтын жүктерді тасымалдауға арналған (В санаты), сондай-ақ жүргізушінің орындығын қоспағанда 8 орынды (С санаты) немесе жолаушыларды тасымалдауға арналған, жүргізушінің орындығын қоспағанда 8-ден артық орынды, салмағы 3500 кг-нан асатын (Д, Е санатты) тартқыштары бар көлік құралдарының құрамдары;

Электр көлігін және мотоарбаларды жүргізуге байланысты қосымша қарсы айғақтар: психикалық дамуының тежелуі, синкопальды жай-күй (талу), маскүнемдіктің, нашақорлықтың, уытқұмарлықтың ремиссиясыз ағымы.

трамвайлар, троллейбустар;
мүгедектерге арналған мотоарбалар;
меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, тамақ өнімдерін өндіру, сақтау және сату үдерісінде оларға байланысты тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы, қоғамдық тамақтандыру мен саудадағы, сүт фермаларындағы, сүт ас үйлеріндегі, тарату пункттеріндегі, азық-түлік тауарларының базалары мен қоймаларындағы жұмыстар. Оның ішінде, санитарлық өңдеу, мүкәммалды, жабдықтарды жөндеу жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ көліктің барлық түрімен тасымалдау кезінде тағамдық азық-түліктермен тікелей байланысы бар жұмыстар;

Азаматтық авиациядағы жұмыстар үшін қосымша қарсы айғақтар: психикалық бұзылулар ремиссиясының сатылары, психикалық дамудың тежелуі, синкопальды жай-күй (талу), психоактивті заттарды қолданудың салдарынан психикалық және мінез-құлық ауытқулары.

меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, азаматтық авиация саласындағы жұмыстар;
жұмыс істеу кезінде медициналық психиатриялық куәландыру міндетті болатын бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын адамдардың кәсіпорындардағы, мекемелер мен ұйымдардағы өндірістік практикасы (тағылымдамасы);
хирургиялық стационарлардағы, перзентхана үйлеріндегі (бөлімшелеріндегі), балалар ауруханаларындағы (бөлімшелеріндегі), жаңа туған, күні жетпей туған нәрестелер патологиясы бөлімшелеріндегі, жүқпалы аурулар стационарларындағы, психиатриялық және наркологиялық ұйымдардағы, жедел медициналық жәрдем станцияларындағы медициналық жұмыстар;
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы жұмыстар;
мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарындағы (ясли, бала бақша), нәрестелер үйлеріндегі, балалар үйлеріндегі, мектеп-интернаттардағы, жетімдер үйі мен отбасы үлгісіндегі балалар қалашықтарындағы, балаларды сауықтыру, оның ішінде маусымдық мекемелеріндегі жұмыстар;
медициналық ұйымдардағы, санаторийлердегі, демалыс үйлеріндегі, пансионаттардағы, интернат үйлеріндегі емделушілерді тамақтандыруды ұйымдастыруға тікелей байланысты жұмыстар;
халыққа санитариялық-гигиеналық қызмет көрсететін мынадай кәсіпорындардағы: косметика салондарындағы (кабинеттердегі), моншалардағы, душ кабиналарындағы, шаштараздардағы, маникюр, педикюр залдарындағы жұмыстар. Кірлерді қабылдау, химиялық тазарту пункттеріндегі қосалқы қызметкерлер;

Жүзу жөніндегі рәсімдерді жасауға байланысты жұмыстар кезіндегі қосымша қарсы айғақтар: синкопальды жай-күй (талу).

бассейндерде жүзу бойынша емдеу рәсімдеріне байланысты жұмыстар және емдік ванналардағы жұмыстар;
қонақ үйлердегі, жатақханалардағы, алысқа жол жүретін жолаушылар пойыздарының вагондарында қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар;
су дайындауға тікелей қатысы бар су құбырлары құрылыстарына байланысты жұмыстар және су құбырлары желілеріне қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар;
меншік нысанына және тиесілілік нысанына қарамастан, мал шаруашылығы фермаларындағы және кешендеріндегі жұмыстар.

      Ескертпе:
      1. Өнеркәсіптік, темір жол (оның ішінде қозғалмалы жер асты құрамдары) және авиация көлігінің қозғалысына қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлерді психиатриялық куәландыру азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, мекемелер, акционерлік қоғамдар мен бірлестіктер бекітетін өндірістердің және кәсіптердің тізбесі бойынша жүргізіледі.
      2. Топырақ бетінен немесе жұмыс төсемінен 1,5 метр және одан артық биіктікте орындалатын және монтаждық құрылғылардан немесе тікелей құрастырудан жасалатын жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді орнату, пайдалану, монтаждау және жөндеу кезіндегі жұмыстар биіктіктегі жұмыстар деп есептеледі.
      Жоғарыдан құлап кетуден сақтанудың негізгі құралы монтаждық белбеу болып табылатын жұмыстар жоғарыға шығу жұмыстары деп есептеледі.
      3. Денсаулық сақтау жүйесінің психиатриялық ұйымдары жанындағы
дәрігерлік комиссиялар кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты қызметті орындауға жарамсыз деп танылған адамдарды куәландыруды жыл сайын өткізеді.