Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қарашадағы N 1962 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Оман Сұлтандығында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Оман Сұлтандығында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы

      Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығымен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Маскат қаласында (Оман Сұлтандығы) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                   Н. Назарбаев