Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 шілдедегі N 722 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы N 1756 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 185 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігінің 2013.02.01 N 5609 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және Қызылорда қалалық әділет басқармасының 2009 жылғы 5 қазандағы N 2/7016 ұсынысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Сайлау алдындағы үгіт материалдарды орналастыру және сайлау алдындағы үгітке бағытталған митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу үшін орындарды белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 6 шілдедегі N 493 қаулысына ("Ақмешіт ақшамы" газетінің 2007 жылғы 3 тамыздағы N 60 (480) жарияланған, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізімінде N 10-1-60 нөмірімен тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулы келесі мазмұндағы 6-тармағымен толықтырылсын:
      "6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      ҚАЛА ӘКІМІ                         М. ЕРГЕШБАЕВ