Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" әкімшісі бойынша:
005 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялауға, Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейтуге берілетін нысаналы даму трансферттері" бағдарламасында:
"Қостанай облысы" кіші бөлімінде:
3-бағанда:
"Қостанай облысының Рудный қаласында 200 төсектік қалалық көп бейінді балалар ауруханасын салу" деген жолдағы "312 781" деген сандар "612 781" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қостанай облысының Рудный қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын қалалық емхана салу" деген жолдағы "300 000" деген сандар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республиканың
Премьер-Министрі К. Мәсімов