Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 тамыздағы N 863 және 2006 жылғы 31 қазандағы N 1036 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1728 Қаулысы

      Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2011.07.15 № 309 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы  N 1111 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 421 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 7 қарашадағы N 733 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредиттациядан өткізу туралы нұсқаулықта:
      4-тармақтағы "Білім және ғылым министрлігінің Ғылым департаменті арқылы (бұдан әрі - Департамент) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Аккредитациялаушы орган)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – Аккредиттеу органы)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      10-тармақтағы "бас тартылуы мүмкін" деген сөздер "бас тартылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу туралы нұсқаулыққа қосымшада:
      12-тармақтағы "Ғылым департаменті" деген сөз "Аккредиттеу органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Мемлекеттік емес ғылыми ұйымды аккредитациялау туралы куәлік" деген N 5 қосымшада:
      "хаттама", "Білім және ғылым министрі" деген сөздер тиісінше "бұйрық", "Аккредиттеу органының басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б. Қалабаев) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                 А. Жақыпов