Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден органдары арасында тауарлардың кедендік құнын айқындау мен бақылау үшін қажетті ақпарат алмасу туралы хаттаманы бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы N 1644 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен. 

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
      13-тармақта:
      99) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "99) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат береді;";
      105) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "105) тауардың шығу тегі туралы сертификат бланкілерінің нысандарын белгілейді және ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат дайындауды ұйымдастырады;";
      14-тармақ мынадай мазмұндағы 27-1), 99-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "27-1) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары тоқсан сайын ұсынатын тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар бойынша ақпаратты талдау арқылы мониторингті жүзеге асыру;";
      "99-1) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметіне жыл сайын тексеру жүргізу арқылы тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуын бақылау;".
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы 2009 жылғы 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов