Қазақстан Республикасының теңіз көлігін дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009-2012 жылдарға арналған (II кезең) іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қазандағы N 1587 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 1006 Қаулысымен

      "Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтерді сертификаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1275 қаулысының күші жойылды деп тануға байланысты БҰЙЫРАМЫН:
      "Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды және жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтердің сәйкестігін растауға ұйымдарды сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы" (N 3691 нормативтік-құқықтық актілер  тізілімінде тіркелген) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 1 маусымдағы N 112 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Әдимолда Р.Ө.) бір апта мерзімі ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ақпарат үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таныстыруға жатады.

      Министр                                     Ә. Құсайынов