Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 477 және 2006 жылғы 2 маусымдағы N 496 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы N 1513 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Жиделі ауылдық округі елді мекендерінің көшелері тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Жиделі ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Жиделі ауылдық округі ауылдарындағы көшелерге төмендегіше жаңа атаулар берілсін:
      Жиделі ауылы бойынша Есжанов көшесіне - Сырдария атауы берілсін.
      Жиделі ауылындағы атаулары жоқ көшелерге - Абай, Орталық Қажымұқан, Амангелді, Т.Рысқұлов, Нартай, Ә.Молдағұлова, С.Сейфуллин, Қараой атаулары берілсін.
      Аққала ауылы бойынша атаулары жоқ көшелерге - Ж.Тәшенов, Т.Тәжібаев, Р.Сарсенов, Абай, Ақсарлы, Д.Қонаев, Мелдеби, У.Қойлиев, М.Әуезов, Ш.Айтматов атаулары берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Жиделі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман - іс жүргізушісі Ә.Ділдабекке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.      

      Жиделі ауылдық округ әкімі                 М.Әлетбаев