Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 184 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 12, 74-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 36-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-1-жолмен толықтырылсын:
"
44-1 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Еңбекмині |
Қыркүйек |
Қазан |
Желтоқсан |
Б.Б. Нұрымбетов |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов