Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі N 1383 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қырқүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Мақат аудандық Мәслихатының шығып қалған депутатының депутаттығының орнына депутаттыққа кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Карімжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алған ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Аудан әкімі             С. Рысқалиев 
 

КЕЛІСІЛДІ:
      Аудандық аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы                 Ә. Ерғожиев


Аудан әкімиятының    

2009 жылғы 16 қыркүйектегі

№ 160 қаулысына қосымша

Мақат аудандық Мәслихатының шығып қалған депутатының орнына депутаттыққа кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын тізімі

Орналасқан жері - Доссор поселкісі

1

Доссор аудандық ауруханасының ғимараты

2

№ 2 кәсіптік-техникалық лицей ғимараты

3

ДЭУ–23 мекемесінің ғимараты