Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 1374 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 12, 86-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі мынадай мазмұндағы 157-1-тармақпен толықтырылсын:
      "157-1. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 421 "Ғимараттар және құрылыстар салу" ерекшелігі бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде дайындаудың технологиялық мерзімі бір жылдан асатын күрделі энергетикалық жабдықтар құнының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлем жасауға мердігерлік ұйым төлеу сомасына жабдықты жеткізу бойынша шарттық міндеттемелерді уақтылы орындауға екінші деңгейдегі банктің кепілдігін берген жағдайда рұқсат етіледі.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов