Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 993 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 29, 27-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, 636 бірлік санында бекітілсін.";
6-тармақтағы "Қосымшаға" деген сөз "1-қосымшаға" деген сөзбен және осы қаулының қосымшасында "қосымша" деген сөздің алдынан "1-" деген санмен толықтырылсын;
осы қаулының қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 9 қыркүйектегі
N 1328 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қыркүйектегі
N 993 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған
ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің санын ескере
отырып штат санының лимиті
Атауы |
Штат санының лимиті |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: |
636 |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: |
329 |
Ақпаратты техникалық қорғау орталығы |
14 |
Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы |
8 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі |
307 |